Ата-аналар назарына! » Коммунальное государственное учреждение №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"школа-лицей №3"
Отдел образования акимата города Тараз
Приемная
+7(7262) 54-50-30
Бухгалтерия
+7(7262) 54-50-30
Версия для
слабовидящих
29
март
2021

Ата-аналар назарына!

№ 01-1-21/1316-вн от 25.03.2021

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау  министрлігі


БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ


Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан


ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

                  ҚАУЛЫ                                                                     ПОСТАНОВЛЕНИЕ

_  2021 жылғы 25 наурыздағы  №_12_  

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                город Нур-Султан



Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

қаулыларына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы 


Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19   коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының                            1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы туроператорларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін.»;

2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 67 қаулысы) мынадай толықтырулар енгізілсін: 

1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 44-тармақшамен толықтырылсын:

«44) осы қаулыға 47-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жеңілдетуді енгізу кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етсін.»;

2) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымшада 32-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады.»;

3) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымша мынадай мазмұндағы 39-тармақпен толықтырылсын: 

«39. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық ЖОО-лар мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде жіберіледі.»;

4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакциядағы 47-қосымшамен толықтырылсын.

3. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 68 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: 

– республиканың барлық өңірлерінде:

контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; 

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: 

жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; 

оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді(сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);»;

2) 2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді. Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.»;

3) БМСД № 68 қаулысына 1-қосымшада 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

17.

Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлердегі интернаттарды қоса алғанда, қызметіне рұқсат берілген білім беру объектілері 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 10-тарауы 

Хабарлама  


Тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі интернаттарды қоса алғанда, қызметіне рұқсат берілген білім беру объектілері 

БМСД № 67 қаулысына 47-қосымша 

Хабарлама  



4. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 

«2-1. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингент және оларды вакцинациялау басымдылығы КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ге қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қарап шешуі бойынша қайта қаралады.»;  

2) ҚР БМСД № 3-қаулысына 1-қосымшада 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Бұл ретте өзінің кәсіптік қызметінің түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарымен КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған медицина қызметкерлері жатпайды.»;

3) ҚР БМСД № 3-қаулысына 1-қосымшада 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жекелеген жағдайларда (халық санының аздығы, стационарлық егу кабинетінің болмауы, ұйымдастырылған, температуралық режимі төмен тоңазытқыш жабдығының болмауы, ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу кезінде) вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады.»;

3) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 3 аптадан кейін (вакцинация күнін есептемегенде 21-күн) - II компонентпен 0,5 мл дозада; бұл ретте, 21-күні II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге жолға шығу және т.б.) егуді келесі 7 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; I және II компоненттерді енгізу арасындағы аралықты негізсіз ұзартуға жол бермеу ұсынылады, себебі бұл иммундық жауаптың қалыптасуына және вакцинацияның тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Жекелеген жағдайларда 21-күні II компонентпен егу жүргізу мүмкіндігі болмағанда (ауру, жолға шығу және басқалары) I компонентпен егуден кейін 60 күнге дейінгі кезеңде II компонентпен егуді жүргізуге жол беріледі.;».

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы қаулы 2021 жылғы 26 наурызда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                       Е. Қиясов



















Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  25 наурыздағы  

№ 12 қаулысына

1-қосымша

«Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

 № 67 қаулысына

47-қосымша



Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді жеңілдетуді енгізу кезеңінде жалпы білім беру беретін мектептердің жұмысына қойылатын талаптар



1. Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:

1) медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;

2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіреберіс алдында асфальтқа таңба қойылады;

4) жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады;

5) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныптың (аудитория, кабинет) жанында, санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;

6) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.

2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес  жүргізіледі:

1) сабақ кестесі оқытудың аралас форматын есепке ала отырып, білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалады;

  1. оқушыларға сабақ уақытында сыныптарда маска кимеуіне рұқсат етіледі;  
  2. кабинеттік жүйе болмайды;

4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

5) дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету қамтамасыз етіледі.

3. Білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) әр қабатта санитариялық бекеттердің жұмысы ұйымдастырылады, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;

2) медициналық кабинеттер мен изоляторлар қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз етіле отырып, жұмыс істейді (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін);

3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;

4) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды жинау үшін арнайы орындар ұйымдастырылады;

5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адам тағайындалады (температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама, термометрия жүргізу журналын жүргізу, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

6) коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған, ауырып сауыққан білім алушылардың білім беру ұйымына баруына дәрігердің білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі;

7) сырқаттанушылық тіркелген кезде сыныпқа, топқа карантин белгіленеді.

4. Білім беру ұйымдарында инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер жіберілмейді.

Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел (кезек күттірмейтін) медициналық көмек бригадасы не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулау жүзеге асырылады. 

5. Білім беру ұйымы инфекциялық аурулардың белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер анықталған жағдайда осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген адамдар анықталған сәттен бастап инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене температурасы жоғары) белгілері бар адамдар туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін қолжетімді тәсілмен хабардар етеді. 

6. Білім беру ұйымдарында білім беру ұйымдарына барғанға дейін 14 күн бұрын шетелден келген білім алушылардың (карантин) ата-аналары (заңды өкілдері) және басқа да келушілер, оның ішінде жүкті әйелдер және 65 жастан асқан адамдар жіберу шектеледі. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды жалпы білім беретін мектептерге алып жүруі мектепке кіргенге дейін жүзеге асырылады.

7. Білім беру ұйымында білім алушылар мен қызметкерлерге көліктік қызмет көрсету жүргізілетін өз көлігі болған кезде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (маскамен) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында автокөлік салонын кейіннен желдету арқылы дезинфекция жүргізіледі.

8. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге, тыныс алу ағзаларының ЖҚҚ-на арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір ай) қорын қамтамасыз етеді. 

9. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген, оларға қоса берілетін нұсқаулық қатаң сақталып қолданылады.

10. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.


11. Оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес үй-жайларды желдету жүргізіледі. Сыныптардың, фойелердің және дәліздердің үй-жайларының ауасын зарарсыздандыру балалар болмаған кезде ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып, күннің сонында жүргізіледі.

12. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жаппай пайдалану орындарын (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, вирулицидтік әсері бар  дезинфекциялау құралдарымен сыныптарды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау, сондай-ақ профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.

Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.

13. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін өңделуге және арнайы бөлінген орындарда сақталуға жатады. 

14. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.

Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға құйылған (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және т.б.) немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік, сапа көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

 Жеке бөтелкедегі ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдысты (шыны, фаянс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі.

Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

15. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға отырғызу осы қаулыға 46- қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

 16. Кабинеттер арасында жүру, мұғалімдер бөлмесіне бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі.

17. Білім беру ұйымдарының жатақханаларында демалыс және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі

18. Жатақханаларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

19. Жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды толтыратын дезинфекциялық ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.

20. Жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасалады (тұрмыстық жағдайлармен, компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету).

21. Қашықтықтан оқыту форматында оқу кезінде жатақханаларда тұратын адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға сауда жасау үшін шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын орындарына немесе өзге де орындарға шықпайды.

22. Білім алушылар қашықтықтан оқыту режимінде жатақханадан уақытша шыққан кезде жатақханадан шығу уақытын, қайтып келу уақытын және баратын жерді көрсете отырып, білім беру ұйымын жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.

23. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған білім алушының жатақханадан шығуы туралы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) хабарлайды.

24. Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін қайтып келген білім алушының денсаулық жағдайына қайтып келген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мониторинг жүргізеді.

25. Жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) бірге тұратындарды қоспағанда, білім алушылардың бірге тамақтануына болмайды;


2) дәретханаларда, қолжуғыштарда, себезгі және тұрмыстық бөлмелерде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізіледі;

3) жаппай пайдалану орындары қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз етіледі;

4) жинау жиілігі мен сапасы арттырылады (есік тұтқаларын, сүйеніштерді,  баспалдақ марштарын, басқа беттерді қосымша өңдеу);

5) білім алушылардың жатақханадан шығуы мен кіруі журналға тіркеледі;

6) жатақханада тұруға қалған білім алушылардың дене температурасының көтерілу жағдайлары немесе жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (бұдан әрі – ЖРВИ) өзге де белгілері журналға тіркеледі;

7) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.

26. Білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұлғайту, дене байланыстарын қысқарту;

2) сабақтар арасындағы үзілістерді әр сынып үшін әр уақытта ұйымдастыру.

27. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда мынадай талаптар сақталады:

1) оқушылардың, педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау жүзеге асырылады;

2) оқу-тәрбие процесіне тікелей қатнасы жоқ әкімшілік-басқару құрамының, қосалқы және техникалық қызметтің жұмысы  қашықтықтан, сонымен бірге штаттық режимде жүзеге асырылады;   

3) ата-аналармен (заңды өкілдермен) байланыс қашықтық тәртібімен интернет-ресурстарды, басқа да қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады;

 4) үзілістер әр сынып үшін әр уақытта белгіленеді;

 5) әр сабақтан кейін желдету жүргізіледі;

 6) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану жүргізіледі;

 7) сабақ кестесі оқытудың аралас форматын есепке ала отырып, білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалады.

28. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталықтары (бұдан әрі – ОО)) жұмысты ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша қашықтық технологиясын қолдана отырып қашықтықтан, штаттық режимде жүргізіледі.   

29. ППТК-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші топтық бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

30. Жеке және кіші топтық сабақтарды оларды кезектестіре отырып өткізуге жол беріледі: біреуі штаттық режимде – біреуі педагогтің қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігімен қашықтықтан форматта (ұйымнан тыс).

31. ППТК-да кіші топтық сабақтар баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) қоса отырып, 15 баладан аспайтын құрамда өткізіледі.

32. ППТК жағдайындағы сабақтардың ұзақтығы кіші жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.

33. Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) залда ата-ана (заңды өкіл) мен педагог (1-1,5 м.) арасындағы қауіпсіз қашықтық сақтала отырып, ата-аналардың (заңды өкілдердің) қатысуымен өткізіледі. ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы маска киіп жүргізіледі.

34. Ауырып сауыққан балаға және (немесе) ол коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда, ППТК-да сабақтарды жалғастыру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі.

35. ОО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

36. Сабақтарды штаттық режимде ұйымдастыру кезінде мүмкіндігінше баламен дене байланысы шектелндң, мүмкіндігінше баланың қажетті ойыншықтары мен үйдегі дидактикалық материалдары пайдаланылады.

37. Сабақтың ұзақтығы кіші жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.

38. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша ОО-да 15 адамнан аспайтын күндізгі және қысқа мерзім болатын топтар штаттық режимде жұмыс істеуі мүмкін.

39. Физио-емшаралар, массаж жүргізу кезінде кушеткалар арасында қауіпсіз қашықтық сақтала отырып, бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуымен шектеледі. Баламен медициналық емшаралар маскаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

40. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.

41. ПМПК-да диагностикалық топ болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қашықтық режимінде жұмысты ұйымдастыру ОО және ППТК-ға арналған іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.



Согласовано

25.03.2021 15:52 Азимбаева Нуршай Юсунтаевна

25.03.2021 16:13 Ахметова Зауре Далеловна

25.03.2021 17:02 Кожапова Роза Абзаловна

25.03.2021 17:04 Рахимжанова Марал Тлеулесовна

25.03.2021 17:43 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

Подписано

25.03.2021 17:59 Киясов Ерлан Ансаганович

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив