Нормативтік құжаттар - Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі http://3-licei.mektebi.kz/ ru Нормативтік құжаттар - Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі DataLife Engine Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары 2021-2021 о.ж. арналған әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі ә http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/322-ou-procesn-jymdastyru-keznde-blm-beru-jymdary-2021-2021-ozh-arnalan-dstemelk-nsau-hatty-sonymen-brge-koronavirusty-infekcijany-taraluyna-bajlanysty-shekteu-sharalary-keznde-blm-beru-jymdaryn.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/322-ou-procesn-jymdastyru-keznde-blm-beru-jymdary-2021-2021-ozh-arnalan-dstemelk-nsau-hatty-sonymen-brge-koronavirusty-infekcijany-taraluyna-bajlanysty-shekteu-sharalary-keznde-blm-beru-jymdaryn.html
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары 2021-2021 о.ж. арналған әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген (28.12.2020-ғы № 548 шығыс хатымен өзгерістер мен толықтырулар)  әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады.]]>
  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
  • көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар көрсетілген бұйрықпен бекітілген (3 –қосымша):
    36-тармақ 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
    «1) қоғамдық іс-шараларды өткізбеу және адамдардың жиналу ықтималдығын жою, сабақ аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақытылы босатылуын бақылауды қамтамасыз етсін;»;
    36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     «әртүрлі академиялық топтардың үзілісте араласпауын қамтамасыз ету үшін жылжымалы өзгерістер кестесін көздесін.Кестеде ауаны залалсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитариялық өңдеу үшін оқу сабақтары арасында кемінде 20-25 минут үзіліс көздесін.. Студенттердің аудиториядан тыс байланысы болдырылмасын;»;
    36-тармақ 12) мынадай редакцияда жазылсын:
    «12) денсаулығы мен жасының жағдайы бойынша тәуекел тобына жататын қызметкерлердің денсаулығына байланысты факторларды ескеру. 65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар дәстүрлі форматта сабақ өткізген жағдайда ЖЖОКБҰ кестесін жасау кезінде кампус аумағында қызметкерлердің осы санатының шектеулі қозғалысын көздеу ұсынылсын;»;
    36-тармақ  мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалар толқтырылсын:
    «14) медициналық орталықтардың күшейтілген режимде жұмысын қамтамасыз етсін;
    1. COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студенттердің өтініші негізінде оларды қашықтықтан оқу форматында оқытуды жалғастырсын және осы өтініштер сапаны қамтамасыз ету комитетінің отырысында қаралсын;
    2.  оқу корпустарында және жатақханаларда СЭР сақтау қағидаларына өзгерістер енгізсін;
    3. білім алушылар үшін СЭР стандарттарының сақталуын қамтамасыз етсін және оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің аудиторияларда, бетперде кию туралы міндеттемесін қарастырсын. Бетпердесіз келген студенттер аудиторияларға жіберілмесін.
    4. СЭР нормаларын сақтай отырып, ЖОО оқу корпустары мен жатақханаларын дайындау және күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарында оқытуды өткізуге дайындық туралы аймақтардың СЭС қорытындысы алынсын;
    5. көктемгі семестрге дейін білім алушыларды бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес жатақханаға орналастыру қажеттілігін анықтау және орналастыру бойынша жұмыс жүргізсін.»;
    39-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
    «39. 1-курс студенттері үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (лекция және семинарлар – қашықтықтан, санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы  зертханалық және практикалық сабақтарды – аралас формат). Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда                 1-курс студенттері өтініш негізінде қашықтықтан оқытуды жалғастыруға құқылы.
    2 және 3-курстарда оқуды келесі білім салалары бойынша қашықтықтан оқыту форматында жалғастырсын:
    - Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаудан» басқа);
    - Гуманитарлық ғылымдары;
    - Тілдер және әдебиет;
    - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;
    - Бизнес, басқару және құқық;
    - Ақпараттық-коммуникативтіктехнологиялар;
    - Қызметтер (көлік қызметтерінен басқа).
    2 және 3-курс студенттеріне әлеуметтік қашықтықтыжәнекүшейтілгенсанитарлықшаралардысақтайотырып, келесі білім салалары бойынша аралас формата сабақтар өткізу ұсынылсын:
    - Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»);
    - Өнер;
    - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
    - Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары;
    - Ауыл шаруашылығы және биоресурстар;
    - Ветеринария;
    - Қызметтер (Көлік қызметтері);
    - Денсаулық сақтау.
    4-курста академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) сәйкес даярлау бағыттарына байланысты қашықтықтан/араласоқыту форматтарында оқытуды жүзеге асыру ұсынылсын.
    Аралас, қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматтарында (сабақ кестесі, ағындарды анықтау, контентті қамтамасыз ету, кәсіби практикаларды ұйымдастыру және т.б.) оқу процесін іске асыру үшін Көктемгі семестрдің басталуына дайындық жүзеге асырылсын.
    Академиялық саясат пен күнтізбелік жоспар негізінде магистранттар мен докторанттардың теориялық оқуын (қажет болған жағдайда) қашықтықтан және аралас оқыту форматтарында жалғастыру және ҒЗЖ орындау, олардың жеке жоспарларына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін.
    Шетелдік студенттерді, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындарды қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырсын.
    Шетелдік академиялық оралымдылықты және тағылымдаманы шектеу.
    Виртуалды академиялық оралымдылықты ұйымдастыру ұсынылсын.»;
    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «41. Оқу процесінің аралас форматы кезінде ұйым  36, 39-тармақтардың, 40-тармақтың 1-10) тармақшаларының және 41-тармақтың орындалуы үшін жағдайлар жасалсын.
    Аралас оқыту форматын ұйымдастырған кезде күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарындағы сабақтардың келесі арақатынасы ұсынылсын: дәрістер мен семинарлар – онлайн, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар, санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілсін.
    ЖЖОКБҰ-ға да «ішкі академиялық ұтқырлық терезелерін» жоспарлауға рұқсат етіледі, яғни білім алушылардың жекелеген оқу пәндерін онлайн-режимде немесе тұрғылықты жері бойынша өңірдің басқа ЖЖОКБҰ-да зертханалық сабақтарды оқуын ұйымдастыруға рұқсат етілсін.».
    2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т.Мелдебекова), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж.Оспанова), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж.Тойбаев) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін.
    3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
    4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімінің назарына жеткізсін.
    5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
    6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     
    Қазақстан Республикасының
    Білім және ғылым министрі                                            А. Аймағамбетов]]>
    admin Fri, 08 Jan 2021 16:02:30 +0600
    Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға 2- қосымша Үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны (2020-2021 о http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/318-koronavirusty-infekcijany-taraluyna-zhol-bermeuge-bajlanysty-shekteu-sharalary-kezende-orta-blm-beru-jymdarynda-ou-procesn-jymdastyru-bojynsha-dstemelk-synymdara-2-osymsha-shnsh-zhne-trtnsh.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/318-koronavirusty-infekcijany-taraluyna-zhol-bermeuge-bajlanysty-shekteu-sharalary-kezende-orta-blm-beru-jymdarynda-ou-procesn-jymdastyru-bojynsha-dstemelk-synymdara-2-osymsha-shnsh-zhne-trtnsh.html

    Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    (2020.15.12. берілгенөзгерістермен)

    ]]>
    Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу

    шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске

    асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    (2020.15.12. берілгенөзгерістермен)



    1-тарау. Жалпы ережелер


    1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған. Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.

    2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:

    1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.

    2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар1-қосымшадакөрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.

    3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.

    ]]>
    admin Mon, 21 Dec 2020 15:46:16 +0600
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанд http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/324-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-28-tamyzday-blm-berud-barly-degejn-memlekettk-zhalpya-mndett-blm-beru-standarttaryn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-min.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/324-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-28-tamyzday-blm-berud-barly-degejn-memlekettk-zhalpya-mndett-blm-beru-standarttaryn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-min.html
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №372 бұйрығы.]]>
    бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
          Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
         10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "10-1. Қазақ тілінде оқытылатын оқушылар үшін "Әліппе", "Ана тілі" пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері "Әліппе" оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері "Ана тілі" оқулығымен 2-жартыжылдықта; орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін "Букварь", "Обучение грамоте" пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері "Букварь" оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезең міндеттері "Обучение грамоте" оқулығымен 2-жартыжылдықта жүзеге асырылады.";
         42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "42. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
          1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
          2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;
          3) шетел тілі бойынша;
          4) цифрлық сауаттылық бойынша;
          5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады.
          Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.";
         65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "65. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 2-сыныптан бастап формативті және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.".
          көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
         15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "15. Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындалады.
          ТжКБ мамандықтары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бейіндерге бөлінеді.
          Жаратылыстану-математикалық бейінге: "Метрология, стандарттау және сертификаттау"; "Геология, тау-кен өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өндіру, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда қорғау"; "Мұнай-газ өндірісі"; "Химия өндірісі"; "Энергетика"; "Көлік (салалар бойынша)", "Көлік техникасы, көлікті пайдалану"; "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар"; "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық"; "Технологиялық машиналар және құралдар"; "Металлургия және машина жасау"; "Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру"; "Кәсіптік оқыту"; "Сервис"; "Бұйымдардың, кең тұтынылатын тауарлардың технологиясы"; "Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы"; "Тамақтануды ұйымдастыру"; "Ветеринария және экология" жатады.
          Қоғамдық-гуманитарлық бейінге: "Білім беру"; "Медицина, фармацевтика"; "Өнер және мәдениет"; "Экономика және басқару"; "Құқық"; "Қонақ үй бизнесі"; "Туризм" жатады.
          Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті" (орыс тілінде оқитын топтар үшін), "Қазақ тілі және әдебиеті" (орыс тілінде оқитын топтар үшін), "Орыс тілі және әдебиеті" (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), "Шетел тілі", "Математика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Өзін-өзі тану", "Дене тәрбиесі", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" жатады.
          Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік пәндерді таңдауы қарастырылған.
          Бейіндік оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады. Оқытудың екі деңгейінде пәндерді таңдаудың икемді жүйесі қолданылады. Білім алушы өз қалауы бойынша өзіне маңызды оқытудың тереңдетілген деңгейінің екі пәнін және стандарттық деңгейінің екі пәнін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі пәндерге қарағанда тереңдетілген деңгейдегі бейінді пәндерге сағаттардың көп саны беріледі. Стандарттық деңгейде бейінді емес пәндер оқытылады.
          Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Физика", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге "Дүниежүзі тарихы", "Биология", "География" жатады.
          Қоғамдық-гуманитарлық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Дүниежүзі тарихы", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандартты деңгейдегі пәндерге "Физика", "Химия", "Графика және жобалау" жатады.
          Жалпы білім беретін пәндердің мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен анықталады.
          Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты өзі анықтайды.
          ТжКБ ұйымының қалауы бойынша жалпы білім беретін пәндер базалық және/немесе кәсіби модульдерге біріктіріледі.
          ТжКБ ұйымдарындағы дене тәрбиесі оқу және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.
          "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады.
          ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады. Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
          Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіби модульдер шеңберінде іске асырылады.
          Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыз балаларға ұлдармен бірге, "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. "Әскери іс негіздері" бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыз балалар тартылмайды. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен оқу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізіледі. Оқу-дала жиындары кезінде қыз балалар медициналық қызметкердің жетекшілігімен білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде жүзеге асырылады (ӘАОО-ны қоспағанда).
          Қалалық ТжКБ ұйымдарында топтарда 24 және одан да көп білім алушылар, ауылдық жерлерде – 20 және одан да көп білім алушылар болған жағдайда жалпы білім беру пәндерін өткізуде кіші топтарға бөлуге рұқсат етіледі:
          1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда – қазақ тілі және әдебиеті;
          2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда – орыс тілі және әдебиеті;
          3) шетел тілінде;
          4) информатикада;
          5) дене тәрбиесінде.
          Топта ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлға болған жағдайда топ толымдылығы осындай әр білім алушыға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.";
         16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "16. Әскери мамандықтарды қоспағанда, ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды көздейді.
          Базалық құзыреттер: кәсіби қызмет саласындағы көптілді қарым-қатынасты, қазақ тілде қызметтік құжаттарды жүргізуді, салауатты өмір салтын қолдауды және дене қасиеттерін жетілдіруді, қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтенуді және бейімделуді, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуді, оның ішінде қаржылық сауаттылықты және кәсіпкерлік қызметті, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуды, цифрлық сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық дағдыларды, жасыл технологияларды және қоршаған ортаны қорғауды және т.б. қамтиды.
          Базалық модульдерге әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер кіріктіріледі. Келесі базалық модульдер оқытылады:
          1) кәсіби қызмет саласында кәсіби лексиканы қолдану. Бұл модульде: қазақ тілінде оқитын топтар үшін – кәсіби орыс тілі, кәсіби ағылшын тілі, қазақ тілде іс қағаздарын жүргізу; орыс тілінде оқитын топтар үшін – кәсіби қазақ тілі, кәсіби ағылшын тілі, қазақ тілде іс қағаздарын жүргізу кіріктіріледі;
          2) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
          3) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
          4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану (Философия негіздері, Мәдениеттану, Құқық негіздері, Әлеуметтану және саясаттану негіздері);
          5) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін кәсіби қызметте қолдану (Экономика негіздері, Кәсіпкерлік қызмет негіздері, Іскерлік қарым-қатынас этикасы).
          "Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулі орта буын маманы деңгейінде оқытылады.";
         19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          "19. Алынған білім, білік, дағды және құзыреттілік деңгейі бақылаудың келесі түрлерімен қамтамасыз етіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.
          Оқу процесінің жоспарында аралық және қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
          Білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттаудан өткізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауда дербес.
          Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйеде жүргізіледі.
          Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқуға бөлінген оқу уақытының есебінен, соның ішінде модульдерге біріктірілген немесе модуль бойынша емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
          ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
          Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және ТжКБ ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
          ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгерудің толық аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау өткізіледі.
          Қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтихан түрінде өткізіледі.
          Жұмысшы біліктілігін игерген және оқуын жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы түрінде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Бағдарламаны толық меңгерген жағдайда аралық аттестаттау шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін біліктілік емтиханы өткізіледі, қорытынды аттестаттауға арналған оқу уақытының көлемі кәсіптік практикаға беріледі.
          Біліктілік емтихандары өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған оқу орталықтарында өткізіледі.
          Біліктілік емтихандарын өткізу демонстрациялық емтихан нысанын қарастырады.
          Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген.
          ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.
          Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі.
          Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысанын ТжКБ ұйымы айқындайды.
          Тізбесі жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталатын дене тәрбиесі сабақтарын, жалпы кәсіптік және арнайы, оның ішінде базалық және кәсіптік модульдерге кіріктірілген пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқытуды жүргізу кезінде оқу топтары саны 13 адамнан аспайтын шағын топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша оқу топтары 8 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді.".
          2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
          2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
          3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
          Қазақстан Республикасының
    Білім және ғылым министрі
    А. Аймагамбетов
    ]]>
    admin Tue, 22 Sep 2020 16:13:10 +0600
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №373 бұйрығы; http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/317-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2008-zhyly-18-nauryzday-125-bjryyna-zgerster-engzu-turaly-373-bjryy.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/317-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2008-zhyly-18-nauryzday-125-bjryyna-zgerster-engzu-turaly-373-bjryy.html
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №373 бұйрығы;]]>
    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығы


    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125бұйрығына(ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудіңүлгілік қағидаларында:

    2-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

    1) бағалау - білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

    2) бағалау өлшемшарттары - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

    3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

    4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    ]]>
    admin Tue, 15 Sep 2020 15:34:49 +0600
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағ http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/323-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-28-tamyzday-ashytytan-blm-beru-tehnologijalar-bojynsha-ou-procesn-jymdastyru-aidalaryn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/323-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-28-tamyzday-ashytytan-blm-beru-tehnologijalar-bojynsha-ou-procesn-jymdastyru-aidalaryn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-.html
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  28 тамыздағы «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №374 бұйрығы.]]>
    Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.08.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1-тарау. Жалпы ережелер

          1. Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
          2. Қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі - МЖМБС) және білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
          3. ҚБТ-ны іске асыру теледидарлық, желілік және кейс-технология бойынша жүзеге асырылады.
          4. ҚБТ-ны пайдалана отырып, оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру да оқу түрлері бойынша уақыт нормаларын білім беру ұйымдары өз бетінше белгілейді.
          5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
          1) білім беру порталы – ҚБТ бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілік-ұйымдастыру өзара байланысқан жиынтығы;
          2) DBA бағдарламасы – DBA бағдарламасы басқарушы кадрларды, практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ менеджменттің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерін меңгеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүдделі жоғары буын менеджерлерін бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып даярлауға арналған бағдарлама;
          3) executive MBA бағдарламасы (бұдан әрі – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарламасы;
          4) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;
          5) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;
          6) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;
          7) оқу нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламаларын және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастарды меңгергендігін көрсететін алған білімі, білігі, дағдылары көлемін дәлелді бағалау;
          8) онлайн прокторинг – тұлғаны верификациялау және ойлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растайтын жүйе;
          9) сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) - бұл интербелсенді түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;
          10) тьютор – студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;
          11) формальды емес білім беру – оқу мерзімі мен нысанын ескерместен, оқу нәтижелерін растайтын құжат беретін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың білім беру түрі;
          12) цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру;
          13) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;
          14) кейс-технология - қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;
          15) аралас оқыту – бұл білім беру ұйымының білім беру порталында орналастырылған арнайы электрондық оқу материалдарын пайдаланатын дәстүрлі күндізгі оқытуды онлайн оқытумен ұштастыру негізінде білім беру процесін ұйымдастыру.
          6. ҚБТ мыналарға:
          1) білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер болып табылатын тұлғаларға;
          2) денсаулық мүмкіндіктері уақытша шектелген және білім беру ұйымдарына тұрақты баруға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
          3) мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандарға;
          4) техникалық және кәсіптік білім алумен жұмысты қоса атқаратын кәмелет жасындағы тұлғаларға (білімі жұмыс бейініне сәйкес келген жағдайда);
          5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары және MBA (ЕМВА) және DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
          6) аралас оқытуды қосатын жоғары немесе жоғары білім беруден кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
          7) жоғары және (немесе) жоғары білім беруден кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерге шыққан, "Болашақ" стипендиаттарынан бөлек білім алушыларға;
          8) жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді шетелдік іссапардағы (2 айдан астам уақыт) білім алушыларға;
          9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде білім алушыларға;
          10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын және мемлекеттен тыс жерлерде жүрген шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларға;
          11) тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде қосымша білім берудің, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қатысты қолданылады.
          7. ҚБТ осы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық білім алу нысандары кезінде, оның ішінде формальды емес, қосымша білім беру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде шет тілдеріне қатысты пайдаланылады.

          2-тарау. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

          8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ҚБТ-ны пайдалана отырып оқуға ниет білдірген тұлғалар (6-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) ҚБТ-ны пайдалана отырып оқуға рұқсат беру туралы білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда өтініш береді, оның негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығы шығарылады. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығы педагогикалық кеңестің шешімі негізінде шығарылады.
          9. Білім беру ұйымы білім алушыны (6-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) жеке оқу жоспарымен, білім беру бағдарламасын меңгеру кестесімен қамтамасыз етеді.
          Білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесі білім беру ұйымының оқу жоспары негізінде әзірленеді.
          ҚБТ-ны пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін іске асыру кезінде білім беру ұйымы дербес:
          1) білім алушылардың орналасқан жеріне қарамастан білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін толық көлемде игеруін қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасының білім беру интернет-порталының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
          2) оқу процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтықтан көрсетілетін жеке консультациялар нысанында көрсету тәртібін айқындайды;
          3) педагогтің білім алушымен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін сабақтар көлемінің және ҚБТ-ны қолдана отырып өткізілетін сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;
          4) білім алушылардың барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі орналасқан ақпараттық жүйеге, электрондық ресурстар мен дереккөздерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
          5) білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекетіне байланысты емес жағдайлар туындаған кезде, басқарушылық немесе өзге де шешімдер қабылдайды.
          Шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында оқыту кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша оқыту кезінде:
          1) аудиторияда педагогтың білім алушылармен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін оқу сабақтарының болмауы;
          2) мамандықтардың ерекшелігіне байланысты практика жетекшілерімен жанама (қашықтықта) өзара әрекет жасау арқылы өндірістік оқытуды және (немесе) кәсіптік практиканы толық немесе ішінара қашықтықтан ұйымдастыру қарастырылады.
          Бұл ретте білім алушыларға кәсіби құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін виртуалды зертханаларды, симуляторларды, тренажерлерді пайдалану қарастырылады.
          Білім беру ұйымы оқу жоспарында белгіленген сағаттардың жалпы көлемін сақтай отырып, өндірістік оқыту, оқу және өндірістік практикадан өту мерзімін анықтау бөлігінде оқу процесінің кестесіне өзгерістер енгізеді.
          Консультациялар жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады.
          ҚБТ ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту кезінде оларға қол жетімді нысандарда ақпаратты қабылдау-беру жүзеге асырылады.
          10. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында:
          1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;
          2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары;
          3) сандық білім беру ресурстары;
          4) бұлтты есептеулер арқылы оқытуды немесе сервисті басқарудың желілік жүйелері;
          5) білім алушылар мен тыңдаушылардың жеке басын сәйкестендіруге арналған аутентификация жүйелері;
          6) ЖЖОКБҰ-да ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің болуы қамтамасыз етіледі.
          11. ҚБТ бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдары:
          1) педагогтарды, тьюторлар мен қызметтерді қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру, ЦОР мен цифрлық контенттерді әзірлеу және жаңарту үшін жағдай жасайды;
          2) ҚБТ (форум, чат, бейне және аудио - конференциялар) бойынша оқу процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді);
          3) білім алушылар мен тыңдаушылардың білім беру ұйымдарының және серіктестердің электрондық ресурстарына, кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
          4) білім алушыларды оқытудың цифрлық ізінің мониторингін (онлайн және офлайн сабақтарға қатысу, тапсырмалардың орындалуы, кері байланыс) жүзеге асырады.
          12. СБР дайындау білім беру бағдарламаларына сәйкес оларды әзірлеушілер арқылы жүзеге асырылады. СБР-дің құрылымы мен мазмұнын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
          13. ҚБТ қашықтықтан оқыту сабақтарын онлайн режимінде, офлайн және білім алушылардың өзіндік жұмыстарын өткізумен іске асырылады.
          14. Онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференция, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режиміндегі оқудың өзара іс-әрекеті процесін қарастырады.
          Бұл ретте бұрын жазылған бейне лекцияларды пайдалану қарастырылады.
          15. Офлайн режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды өтетін (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта игеру мүмкіндігін және педагогтармен байланыс құралдарын пайдалана отырып қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді) оқудың өзара іс-әрекеті процесін көздейді.
          16. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
          Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау МЖМБС, оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
          Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес ЖОО-ның өз бетінше әзірлеген қағидаларына сай жүзеге асырылады.
          17. ҚБТ-ны пайдалана отырып, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу үшін:
          1) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тәсілін ұйым дербес таңдайтын білім алушының жеке басын сәйкестендіруді және оларды өткізу шарттарының сақталуын бақылауды;
          2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) білім алушыны верификациялауға, білім алушының тәртібін экранмен бақылауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейнетаспаға жазуға мүмкіндік беретін технологияларды, оның ішінде онлайн прокторинг технологияларын пайдалануды қамтамасыз етеді.
          18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген) бекітілген сырттай және кешкі оқыту, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша экстернат нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесіне сәйкес кадрлар даярлау кезінде білім беру ұйымы ҚБТ-ны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік пәндерді оқыту кезінде қолданады.
          Бұл ретте ҚБТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтардың көлемін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
          19. ЖЖОКБҰ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын білім алушылардан және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын және мемлекеттен тыс жерлерде жүрген шетелдіктерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдардан басқа жалпы орта білім бағдарламасының базасында ҚБТ-ны қолдану арқылы оқытуға рұқсат берілмейді.
          20. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерне егер жоғары білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келген жағдайда ҚБТ-ны қолдану арқылы оқытуды ЖЖОКБҰ өз бетінше айқындайды.
          21. МВА бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау үшін пәндерді оқу кезінде ҚБТ-ны пайдалануға оқудың барлық кезеңінде жалпы көлемі 30 академиялық кредиттен аспайтын және EMBA және DBA бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңінде 15 академиялық кредиттен аспайтын жалпы көлем қарастырылады.
          22. ЖЖОКБҰ-да ЖЖОКБҰ бекіткен жеке немесе басқа онлайн-платформаларда ЖОКБ іске асырылады.
          23. ЖЖОКБҰ MOON онлайн-платформасына орналастырылғанға дейін курстардың оқу-әдістемелік сараптамасын ұйымдастырады және сынақтан өткізеді.
          24. Білім беру ұйымдары ЖАОК онлайн-платформаға әзірленген курсты орналастыруды қамтамасыз етеді және оқу процесіне жауап береді, сондай-ақ тыңдаушыға ЖЖОКБҰ атауын, тұлғаның аты-жөнін, курстың атауы мен кредиттер көлемін еркін түрде көрсетіп, сертификат береді.
          25. Хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау үшін ҚБТ-ны қолдана отырып пәндерді оқу кезінде жоғары білім базасында оқытудың барлық кезеңінде жалпы көлемі 30-дан аспайтын академиялық кредит көзделеді.
          26. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламалары үшін пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде оқудың барлық кезеңінде 60 академиялық кредиттен аспайтын ҚБТ қолданылады.
          27. Қос дипломды білім бағдарламасын және білім алушылардың алмасу бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде 120 академиялық кредиттен аспайтын және магистратура білім бағдарламасы бойынша 60 академиялық кредиттен аспайтын ҚБТ қолданылады.
          28. Халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда білім алушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша және қос дипломды және (немесе) бірлескен білім бағдарламаларын іске асыру кезінде академиялық кредиттердің үлкен көлемін ҚБТ-ны қолдана отырып оқуға жол беріледі.
          29. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚБТ-ны қолдана отырып, оқытуға рұқсат беру және ұйымдастыру тәртібін ЖЖОКБҰ өз бетінше айқындайды.]]>
    admin Thu, 10 Sep 2020 16:08:22 +0600
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» № http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/315-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-6-surdeg-orta-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdary-pedagogtern-zhrgzu-shn-mndett-zhattardy-tzbesn-zhne-olardy-nysand.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/315-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-6-surdeg-orta-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdary-pedagogtern-zhrgzu-shn-mndett-zhattardy-tzbesn-zhne-olardy-nysand.html

    Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.]]>
    23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
          1. Қоса беріліп отырған:
          1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
          2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
          3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12 ) сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
          4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналының нысаны;
          5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының нысаны;
          6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарының нысаны;
          7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны;
          8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтердің нысаны;
          9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспарының нысаны;
          10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;
          11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысы хаттамасының нысаны;
          12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазының нысаны;
          13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табелінің нысаны;
          14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табелінің нысаны;
          15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;
          16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспарының нысаны;
          17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес мектепішілік бақылау жоспарының нысаны;
          18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабының нысаны;
          19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамалары кітабының нысаны;
          20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабының нысаны;
          21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабының нысаны;
          22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;
          23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;
          24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;
          25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;
          26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерінің нысаны;
          27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасының нысаны;
          28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының нысаны;
          29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының нысаны;
          30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттесттатты беру және есепке алу кітабының нысаны;
          31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабының нысаны;
          32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының нысаны;
          33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасының нысаны;
          34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың нысаны;
          35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспарының нысаны;
          36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының нысаны;
          37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жеке сабақтарды есепке алу журналының нысаны;
          38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының нысаны;
          39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жылына арналған жұмыс жоспарының нысаны;
          40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспарының нысаны;
          41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;
          42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;
          43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтердің нысаны;
          44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім бағдарламалары бойынша білім алушының жеке білім беру бағдарламасының нысаны;
          45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушының үлгерім кітапшасының нысаны;
          46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдар беру кітабының нысаны;
          47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдардың телнұсқасын беру кітабының нысаны;
          48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған академиялық анықтама беру кітабының нысаны;
          49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың атаулы кітабының нысаны бекітілсін.
          2. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
          көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мынадай:
          1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,
          5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,
          мектепалды сыныптардың журналының;
          факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,
          білім алушының жеке іс қағазының,
          1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,
          5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,
          бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),
          педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,
          педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,
          білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,
          кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,
          келген білім алушыларды есепке алу кітабының,
          босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,
          білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,
          негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,
          жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,
          мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,
          техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,
          жеке сабақтарды есепке алу журналының,
          техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,
          білім алушының үлгерімі кітабының,
          диплом беру кітабының,
          дипломдардың телнұсқасын беру кітабының,
          академиялық анықтама беру кітабының,
          білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.
          3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
          2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
          3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
          Қазақстан Республикасының
    Білім және ғылым министрі
    А. Аймагамбетов
    ]]>
    admin Thu, 03 Sep 2020 15:21:01 +0600
    Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/310-blm-turaly-azastan-respublikasyny-2007-zhyly-27-shldedeg-319-zay.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/310-blm-turaly-azastan-respublikasyny-2007-zhyly-27-shldedeg-319-zay.html
    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы]]>

    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
    Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
    1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;

    2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

    2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

    2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;

    2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

    3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

    3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

    3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;

    4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

    4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

    5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

    5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

    6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

    6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

    7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

    7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;

    7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

    7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

    7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

    8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;

    9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

    10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

    10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

    11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

    12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

    13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

    14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

    15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

    16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;

    17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

    17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;

    18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

    18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

    18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;

    18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

    19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

    20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    21-1) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    21-2) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;

    21-3) ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;

    21-4) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

    22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

    23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

    26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

    26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

    27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

    28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;

    28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

    28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;

    29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

    29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;

    29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

    30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;

    30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

    31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

    34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;

    35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

    36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

    36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

    37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;

    37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;

    37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;

    38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

    38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;

    38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

    38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;

    39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;

    40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

    41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;

    41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

    41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;

    42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

    43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

    45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

    45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;

    46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

    47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

    48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және

    оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;

    48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;

    48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

    49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;

    49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

    49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;

    50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
    51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

    51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;

    52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

    53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

    53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;

    53-2) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;

    53-3) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

    53-4) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

    53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;

    54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;

    55) училище – мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

    56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;

    56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;

    56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;

    57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

    57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;

    58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

    59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

    60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

    61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.

    Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
    2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
    1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

    3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
    1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

    1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

    2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

    3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

    4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

    5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

    6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

    7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

    8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;

    9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

    10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

    2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

    Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
    4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
    Қазақстан Республикасының Үкіметі:

    1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

    2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
    3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

    4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

    5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

    5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;

    6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;

    8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
    9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

    11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

    12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;

    13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

    14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;

    16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;

    17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

    20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
    21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;

    22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

    22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;

    22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;

    23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;

    24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;

    24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;

    25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

    25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;]]>
    admin Thu, 27 Aug 2020 15:33:41 +0600
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №340 бұйрығы; http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/316-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-12-tamyzday-orta-blm-beru-jymdarynda-2020-2021-ou-zhylyny-bastaluyn-zatyyn-zhne-kanikul-kezedern-ajyndau-turaly-340-bjryy.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/316-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-12-tamyzday-orta-blm-beru-jymdarynda-2020-2021-ou-zhylyny-bastaluyn-zatyyn-zhne-kanikul-kezedern-ajyndau-turaly-340-bjryy.html

    Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 тамызда № 21081 болып тіркелді]]>
    14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
          1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
          1) 2020 - 2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылғы 1 қыркүйек;
          2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
          3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
          1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында);
          1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).
          2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
          2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
          3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
          Қазақстан Республикасының
          Білім және ғылым министріА. Аймагамбетов
    ]]>
    admin Mon, 17 Aug 2020 15:25:24 +0600
    Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/321-azastan-respublikasynda-blm-berud-zhne-ylymdy-damytudy-2020-2025-zhyldara-arnalan-memlekettk-badarlamasyn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-kmetn-2019-zhyly-27-zheltosanday-988-aulysy.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/321-azastan-respublikasynda-blm-berud-zhne-ylymdy-damytudy-2020-2025-zhyldara-arnalan-memlekettk-badarlamasyn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-kmetn-2019-zhyly-27-zheltosanday-988-aulysy.html
    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
          1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
          2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
          3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес ақпарат берсін.
          4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
          5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
          Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі
    А. Мамин
    ]]>
     ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
          1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
          2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
          3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес ақпарат берсін.
          4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
          5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
          Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі
    А. Мамин


     Қазақстан Республикасы
    Үкіметінің
    2019 жылғы желтоқсандағы
    № 988 қаулысымен
    бекітілген

    Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

          1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
    Жүктеу
    Бағдарламаның атауыҚазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
    Әзірлеу үшін негіздеме"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы;
    "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
    29 қарашадағы № 790 қаулысы;
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы; 
    "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы;
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы;
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының ашылуында және 2019 жылғы 27 ақпандағы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы;
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы;
    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
    Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
    Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері.
    Бағдарламаның мақсаты1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
    2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
    Міндеттері1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
    2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
    3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
    4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
    5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
    6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
    7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
    8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
    9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
    10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
    11. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.
    Іске асыру мерзімдері2020 – 2025 жылдар
    Нысаналы индикаторлар1. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 85,3 %, 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 % қамту.
    2. PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері – математика – 480 балл, оқу – 450 балл, ғылым және жаратылыстану – 490 балл.
    3. Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты индексі – 0,73 балл.
    4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі – 75 %.
    5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі –75 %.
    6. Ғылымға ЖІӨ-ден жұмсалатын шығыстардың үлесі – 1 %.
    7. Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстардың деректері бойынша 2018 жылы (4873 бірлік) жарияланымдардың жалпы санынан рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі – 88 %.
    8. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) – 63 орын.
     
    Қаржыландыру көздері және көлемі
    Бағдарламаны іске асыру үшін 2020 – 2025 жылдары 11 578 млрд. теңге (республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) – 9 565 млрд. теңге, (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ) – 716 млрд. теңге, Дүниежүзілік банк (бұдан әрі – ДБ) – 13 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 1 284 млрд. теңге) мөлшерінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады, оның ішінде:
    2020 – 1 161 млрд. теңге
    2021 – 1 336 млрд. теңге
    2022 – 1 708 млрд. теңге
    2023 – 2 311 млрд. теңге
    2024 – 2 383 млрд. теңге
    2025 – 2 679 млрд. теңге
    сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат.
          Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, мемлекеттік жекешелік әріптестіктің мүмкіндігіне қарай және басқа да балама көздерді тарта отырып нақтыланатын болады.
          2-бөлім. Кіріспе
          Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту, арзан және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады.
          2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі бейінді комитеті – Білім беру саясаты комитеті мен Ғылыми және технологиялық саясат комитетінің қатысушысы болды, бұл қазақстандық білім жүйесі жетістіктерінің халықаралық танылғанын куәландырады.
          Алайда отандық білім және ғылым жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Қазақстан халқының сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен елеулі артта қалғанын куәландырады. ЭЫДҰ-ның ересектердің (16-65 жас) құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) нәтижелері бойынша Қазақстан оқу бойынша 34-орынды, математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33-орынды және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің ішінен) 32-орынды иеленді. Қазақстанның нәтижелері ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің және Ресей Федерациясының орташа көрсеткішінен (оқу бойынша 9-орын және математикалық сауаттылық бойынша 15-орын) әлдеқайда төмен. Білім және ғылым жүйесіндегі бұл жағдай өзгермейтін болса, таяу перспективада ұлттық адами капитал одан әрі нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің төмендеуі орын алады.
          Үздік отандық және әлемдік практикаларға сәйкес білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту жөнінде шұғыл шаралар қажет. Мысалы, ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен әріптестердің саясатына жасалған шолуға (Education Policy Outlook 2018) сәйкес білім берудегі мемлекеттік саясаттың басты назары алты салада шоғырланады: (1) теңдік және сапа, (2) білім алушыларды болашаққа дайындау, (3) білім беру ұйымдарын жақсарту, (4) бағалау жүйесі, (5) басқару және (6) қаржыландыру. Бұл ретте елдер ағымдағы даму деңгейіне және қолда бар мүмкіндіктерге байланысты өздерінің күш-жігерін аса маңызды міндеттерді шешуге бағыттайды. Көрсетілген салалар шеңберінде көптеген елдер мынадай басымдықтарды белгілейді:
          отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан білім алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру;
          түлектер дағдыларының экономика талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
          педагогтердің кәсіби дамуы және жоғары мәртебесі;
          жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту;
          білім беру жүйесін және білім беру ұйымдарын бағалау;
          басқарудың тиімді құрылымын құру;
          мүдделі тараптармен қарым-қатынас құру;
          қаржы ресурстарын тиімді пайдалану.
          ЭЫДҰ STIP Compass деректер базасына сәйкес ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы саясаттың негізгі мәселелері басқару, қаржыландыру, зерттеушілік мансап, PhD және постдокторантура бағдарламалары болып саналады.
          Халықаралық бағалар мен практикаларды, алынған міндеттемелер мен қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, Қазақстан таяудағы 6 жылда білім және ғылым сапасын жақсарту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет. Осыған байланысты Бағдарлама негізгі анықталған проблемаларды шешуге, білім және ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ЭЫДҰ елдерінің үздік практикаларына жақындау үшін оны дамытуға бағытталған.
          Білім және ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамтуға, 3 ауысымда оқытуды жоюға, ауылдық жерлерде тірек мектептерді интернаттармен 100 % қамтамасыз етуге, 150 және одан да көп оқушы оқитын мектептерде дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасауға қол жеткізу күтіледі, кабинеттер мен мұғалімдер 100 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі, 180 тірек колледжін қазіргі заманғы жабдықтармен және бағдарламалармен 100 % қамтамасыз ету, жоғары білімді қаржыландыру 2 есеге, ғылымды қаржыландыру 7 есеге (43-тен 358 млрд. теңгеге дейін) ұлғаяды.
          3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
          Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – 2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарлама) қорытындылары қойылған мақсаттар мен міндеттердің 93,4 %-ға орындалғанын көрсетеді. Мысалы, 2019 жылға қарай 2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаның 5 бағыты бойынша 8 нысаналы индикатор мен 52 көрсеткішке қол жеткізу, 170 іс-шараны орындау жоспарланды. Барлық 8 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, оның ішінде 2-еуі асыра орындалды. Есепті кезеңге жоспарланған 50 көрсеткіштің 46-сына (92 %) жоспарлы түрде қол жеткізілді, 1-еуіне (6 %) қол жеткізілген жоқ, 3-еуі (2 %) ішінара орындалды.
          2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарлама іске асырылған 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1480 бірлікке (2016 жылы – 9 410, 2017 жылы – 9 828, 2018 жылы – 10 334) ұлғайды. Нәтижесінде 3-6 жастағы балалардың 95,2 %-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды (2016 жылы – 85,8 %, 2017 жылы – 90,5 %, 2018 жылы – 95,2 %).
          Орта білім беруде жаңартылған оқу мазмұнына көшу жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. 372 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 437 мемлекеттік мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшті. Мемлекеттік тапсырысты 80 жекеменшік мектеп алды.
          "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы шеңберінде 94,8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы заң қабылданды. 3 жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 8,9 мың адамға артты (2016 жылы – 12 837 адам, 2017 жылы – 13 898 адам, 2018 жылы – 21 727 адам).
          Әлемнің үздік университеттерінің QS халықаралық рейтингіндегі қазақстандық ЖОО саны 10-ға дейін өсті. Times Higher Education рейтингіне алғаш рет екі қазақстандық жоғары оқу орны кірді.
          Бизнес тарапынан ғылыми қызметті бірлесіп қаржыландыру үлесі артты. Бизнестің ғылымға қосқан үлесі 3 жыл ішінде 4,8 млрд. теңгені құрады.
          Білім және ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну, ғылыми гранттарға өтінім беру және есептерді қабылдау бойынша бірқатар рәсімдер цифрландырылды.
          Бағдарламаны талдамалық және ақпараттық-медиалық сүйемелдеу.
          Халықтың және нысаналы аудиториялардың (ата-аналар, педагогтер, білім алушылар және т.б.) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты оң қабылдауы мен түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс және резонанстық тақырыптарға ақпараттық ден қоюы жөнінде шаралар қабылдау үшін 2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны талдамалық және ақпараттық-медиалық сүйемелдеу бойынша жоба (бұдан әрі – PR-жоба) іске асырылды.
          PR-жобаның алдыңғы жылдары іске асырылуын талдау білім және ғылым саласындағы жаңалықтарға қоғамның теріс реакциясының алдын алу, жұртшылық тарапынан айтылатын сынға уақтылы ден қою және халықтың нысаналы топтары арасында Бағдарламаның идеяларын жалпы ілгерілету бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін көрсетті.
          PR-жоба шеңберінде білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан саясатқа халықтың қанағаттану деңгейіне әлеуметтік сауалнама жүргізу көзделген. Нәтижелерге сәйкес сұралғандардың 22,3 %-ы толық қанағаттанғанын, жартысынан астамы (50,2 %) қанағаттануы мүмкін екенін айтқан. Алайда респонденттердің төрттен бір бөлігі теріс баға берген, оның ішінде 20,1 %-ы білім беру жүйесінің дамуымен қанағаттанбауы мүмкін екенін және 7,5 %-ы мүлдем қанағаттанбайтынын жеткізген.
          Мына мәселелер өзекті болып қалуда.
          Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту
          2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру кезеңінде педагог кадрлардың саны жарты миллион адамнан асты. Бұл ретте жыл сайын білім беру саласындағы мамандардың жаппай даярланып шығарылуына қарамастан, педагог кадрларға деген қажеттілік әлі де сақталуда. Мектептерге, атап айтқанда, ауылдық жерлердегі мектептерге білікті мұғалімдерді тарту және ұстап қалу бойынша пәрменді тетіктер жоқ: жол және тұрғын үй субсидиялары, жеңілдіктер мен преференциялар және т.б. Педагогикалық мамандықтарға көбінесе Ұлттық бірыңғай тестілеуде (бұдан әрі – ҰБТ) төмен балл алған талапкерлер түседі. Білім беру жүйесі талантты мұғалімдерді ұстап қалуға ықпал етпейді. Педагогтердің 35 %-ы басқа салаларға кетеді. Ынталы үміткерлер үшін педагогикалық кәсіппен айналысудың балама тетіктері жоқ.
          Мұғалімнің мансаптық өсуінің жаңа жүйесін (педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-мастер) енгізудің арқасында жалақы лауазымдық жалақыдан 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайды. Сонымен қатар пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге базалық лауазымдық жалақыдан 200 % мөлшерінде қосымша ақы белгіленді.
          Алайда білім беру саласындағы жалақы экономика бойынша ең төменгілердің бірі болып қалуда (102 875 мың теңге, еліміз бойынша орташа еңбекақы 163 мың теңге), бұл білікті кадрлардың келуін тежейтін жағымсыз фактор болып табылады. ЭЫДҰ TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес қазақстандық мұғалімдердің 96 %-ы өздерінің жалақысын арттыру білім беру бюджетін ұлғайту кезінде ең басым міндет болуы тиіс деп есептейді.
          Мұғалімдерді оларға тән емес функциялардан босату бойынша шаралар қабылданды. 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей оқыту шеңберінде шағын аудандарда аулаларды аралау жойылды, пән мұғалімдері толтыруға жататын құжаттардың тізбесі бекітілді. Алайда мұғалімдерді оларға тән емес жұмысқа тарту жалғасуда. TALIS-2018 нәтижелері бойынша 48 қатысушы елдің ішінде қазақстандық мұғалімдер жүктемелері көптердің қатарына жатады (2-орын). Бұл ретте осы жүктеменің негізгі бөлігін (69 %) сабақтан тыс қызмет (ЭЫДҰ бойынша орташа алғанда – 47 %) құрайды. Қазақстандық мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесі көп жағдайда жұмыс уақытын нақты нормалаудың болмауына байланысты.
          Мектепке дейінгі білім беруде педагог қызметкерлердің 41,8 %-ының "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша білімі жоқ, 54 %-ының біліктілік санаты жоқ. Қосымша білім беретін 22 мың педагог үшін біліктілікті арттыру жүйесі қарастырылмаған.
          4 жыл ішінде ТжКБ жүйесіндегі арнайы пәндер оқытушылары мен шеберлеріне деген қажеттілік 2,5 есеге өсті.
          Осылайша, педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіндегі оң өзгерістерге қарамастан, білікті педагог кадрларды тартуға және ұстауға кері әсер ететін бірқатар проблемалар сақталуда. Осыған байланысты Бағдарламада елдің педагогикалық әлеуетін дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды шешу жөнінде шаралар көзделген.
          Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту
          Халықаралық зерттеулерде мектепке дейінгі ұйымға бару және мектептегі білім жетістіктерінің нәтижелері арасындағы оң байланыс анықталды. PISA зерттеуі ЭЫДҰ елдерінде кемінде бір жыл балабақшаға барған бала мектепте өз құрдастарынан 1,5 жылға (PISA-2015: +50 балл) алда болатынын көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш екі жарым есе төмен (+20 балл), бұл мектепке дейінгі білім беру сапасының төмендігін куәландырады. Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасы да ата-аналар тарапынан көптеген шағымдар тудырады (ЭЫДҰ, 2018). ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан сәби жасындағы балаларға ерекше назар аударуы және 3 жасқа толмаған балаларға арналған мектепке дейінгі білім беруді белсенді түрде ілгерілетуі қажет. Сондықтан 1 жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз ету талап етіледі.
          Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері мектепте білім беру сапасында үлкен алшақтық сақталып отырғанын куәландырады. Мысалы, Қазақстан ЭЫДҰ-ның 15 жастағы білім алушыларды бағалау жөніндегі PISA (2009, 2012, 2015, 2018) халықаралық бағдарламасына және білім беру сапасын бағалау жөніндегі IEA халықаралық қауымдастығының оқу, жаратылыстану және математикалық сауаттылық бойынша TIMSS (2007, 2011, 2015, 2019) зерттеуіне төрт рет қатысты. Зерттеу қорытындысы өңірлер, аумақтар (қала-ауыл), оқыту тілі мен отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша үлгерімдерде айтарлықтай алшақтық бар екенін анықтады. Мысалы, өңірлер бөлінісінде PISA-ның ең төмен және жоғары көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 3 оқу жылына сәйкес келеді. Унитарлық мемлекет үшін мұндай жағдайдың қалыптасуына жол берілмейді.
          Білім берудегі теңсіздік қазіргі әлемде рөлі артып келе жатқан қосымша және формальды емес білімге қол жеткізудегі теңсіздікпен күшейе түседі. Бүгінгі таңда жас адамның өмірінде оқытудың 70 %-ға жуығы формальды емес білім беру жағдайында: отбасында, құрдастар тобында, жастар ұйымдарында, үйірмелерде өтуде. ЭЫДҰ-ның 22 елінде және ЭЫДҰ-ға әріптес 14 елде сыныптан тыс ғылыми іс-шаралар көп өткізілетін мектеп оқушыларының осындай іс-шара аз өткізілетін мектептің оқушыларына қарағанда PISA-дағы жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі анағұрлым жоғары екенін көрсетті. ЭЫДҰ елдерінде орташа есеппен оқушылардың 56 %-ы ғылыми жарыстарға қатысады, оқушылардың 48 %-ы сыныптан тыс ғылыми жобаларға барады.
          Қазақстанда 2018 жылы 993 779 бала (2016 жылы – 651 409 адам, 2017 жылы – 947 327 адам) мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдарда білім алды және 1 645 295 бала (2016 жылы – 977 125, 2017 жылы – 1 417 639) мектеп үйірмелеріне барды. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі балаларды (35,5 %), аз қамтылған отбасылардағы балаларды (68,0 %), сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды (54,7 %) қосымша біліммен қамту төмен деңгейде сақталуда. Ақылы қосымша қызметтердің басым болуы қосымша білімнің қолжетімділігін шектейтін фактор болып табылады. Мектептен тыс ұйымдарда балалардың тек 22,5 %-ы ғана ақысыз негізде қосымша білім алады. Осыған байланысты қосымша білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу қажет.
          ТжКБ бағдарламаларына барынша кең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін 2017 жылдан бастап "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар колледж студенттерінің жатақханаларға мұқтаждығы сақталуда. 2018 жылы жатақхананы қажет ететін студенттердің 26 %-ы қамтамасыз етілмеген.
          Жоғары білім алуға қол жеткізу соңғы жылдары айтарлықтай кеңейе түсті. Мемлекеттік білім беру гранттарының саны артуда. Алайда оларды бөлу кезінде талапкердің отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі ескерілмейді, ал талапкердің үлгерімі іс жүзінде жалғыз анықтаушы өлшемшарт болып табылады, ол әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан жастардың жоғары білім алуына қол жеткізуде теңсіздікті күшейтеді.
          Осыған байланысты барлық деңгейлерде білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту және оған қол жеткізу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет.
          Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту
          Балалардың, оның ішінде өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарының бұзылуына уақтылы ден қоюдың жеткілікті дамымаған жүйесі, білім беру ұйымдарының едәуір бөлігінде инклюзивті білім беру және қарапайым ыңғайлылық үшін жағдайлардың болмауы балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне қауіп төндіреді.
          ЮНИСЕФ-тің 2017 жылғы зерттеулерінің деректеріне сәйкес Қазақстанда мектеп оқушыларының үштен екісі оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылықты бастан кешіреді немесе куәгерлер болып табылады. Жыл сайын ішкі істер органдарының есебінде тәуекел аймағында тұрған 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған, 10 мың тұрмысы қолайсыз отбасы тұр. 3 мыңнан астам бала қылмыс жасайды. 2018 жылы балаларға қатысты 2125 қылмыс жасалды, 2277 кәмелетке толмаған бала құрбан болды (2017 жылға қарағанда 5,5 %-ға жоғары).
          Балалар суицидінің өсуі сақталуда (2018 жылы балалар арасында жасалған өз-өзіне қол жұмсау саны 178 жағдайды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ға көп).
          Балабақшалардың тек 20 %-ы, мектептердің 60 %-ы, колледждердің 30 %-ы ғана инклюзивті білім беруге жағдай жасаған. Сапалы инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі жастағы балалардың бар-жоғы 28,2 %-ы және ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар мектеп оқушыларының 46,5 %-ы қамтылған. Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін мамандардың тапшылығы 64 %-ды құрайды.
          2018 жылдың деректері бойынша 2535 мектепте тек ауладағы дәретханалар бар, 1629 мектепте су тасымалданады, 1093 мектепте ыстық су жоқ, 1800 мектеп бейнекамерамен қамтылмаған.
          2018 жылы халықаралық және қазақстандық тәжірибені ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін, қолайлы жағдайлары мен әл-ауқатын жүйелі мониторингілеу, проблемаларды уақтылы анықтау және шешімдерді жедел қабылдау үшін көрсеткіштер жүйесі мен Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленді. Бұл индекс барлық өмірлік маңызды салаларды қамтиды: материалдық әл-ауқат, денсаулық, білім беру, қауіпсіздік және тәуекелдер, әлеуметтендіру.
          Жаһандық әл-ауқат индексі бойынша елдерді салыстыру үшін "0"-ден "1"-ге дейінгі шкала қолданылады, мұнда "1" – ең жоғары әл-ауқат деңгейі.
          2017 жылдың нәтижелері бойынша елдердің рейтингінде Швейцария бірінші орынды иеленді, оның индексі 0,83 балды құрады. Соңғы орын 0,38 балмен Нигерияға тиесілі.
          Қазақстанда 2018 жылдың пилоттық жобасының қорытындысы бойынша Балалардың әл-ауқатының индексі 0,68 балды құрады.
          Сонымен қатар 2019 жылғы 10 айда балаларға қатысты салалардың көптеген бағыттары бойынша оң динамика және мемлекет қабылдаған шараларға байланысты өмір сүру сапасын жақсарту үрдісі байқалады.
          Осыған байланысты 2022 жылы индекстің бастапқы есебі 0,70 балл, 2025 жылға қарай 0,73 балл болады деп болжануда.
          Индексті енгізу Қазақстанға балалардың қаншалықты қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілгенін анықтауға, балалардың түрлі салалардағы жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға, балалық шақ саласындағы халықаралық рейтингтерде барынша жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне ықпал ететін болады.
          Индексті кейіннен сынақтан өткізу және толық ауқымды енгізу қажет.
          Бұдан басқа балалар үшін қауіпсіз және жайлы орта құруға арналған мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру үшін үздік әлемдік практиканы пайдалану қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда балалық шақты қаржыландыру түрлі мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларымен жүзеге асырылады. Халықаралық практикада мемлекеттік бюджеттің атаулы шығысының тиімді құралы шоғырландырылған балалар бюджеті болып табылады. Мұндай бюджетті қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және оның жыл сайынғы өсуін қарастыру қажет.
          Білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалау жүйесін жетілдіру
          Жаңартылған мазмұн шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемшарттық жүйесі енуде, ол өңірдің, мектептің орналасқан жеріне және оқыту тіліне қарамастан оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және тең бағалауды қамтамасыз етеді.
          Орта білім беру сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру үшін ҰБТ екі кезеңге бөлінді: мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтиханы. 2019 жылдан бастап ҰБТ ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі. Жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама тетігі ретінде негізгі немесе қайта тестілеу нәтижелері бойынша шекті деңгейден өтпеген талапкерлер үшін ЖОО-ға "шартты түрде қабылдау" жүйесі енгізілді.
          Бұл ретте білім алушыларды бағалау жүйесі жетілдіруді қажет етеді. Атап айтқанда, PIRLS, PISA, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің құралдарына, сондай-ақ SAT тестілеріне ұқсас функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті өлшеуге бағытталған сұрақтарға қатысты ҰБТ, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) мазмұнын қайта қарау қажет.
          2018 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандық педагогтер аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшті. Жаңа жүйе бойынша педагог кадрлардың 42,5 %-ы аттестаттаудан өтті (14,1 % – педагог-зерттеуші және педагог-шебер санаты, 15,6 % – педагог-сарапшы санаты, 12,8 % – педагог-модератор санаты). Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескере отырып, педагог кадрларды аттестаттау жүйесін одан әрі жетілдіру талап етіледі.
          Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсуін ынталандыру үшін 2011 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тоқтатылды. Осы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1,5 есе өсті, бұл ретте жекеменшік ұйымдар 7 еседен асты (2011 ж. – 449 бірлік, 2018 ж. – 3749 бірлік). Сонымен қатар жұртшылық тарапынан балабақшалардың материалдық-техникалық жабдықталуына және ондағы тәрбие процесінің сапасына қатысты сын айту жағдайлары жиілеп кетті.
          2017 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттау халықаралық аккредиттеумен алмастырылды, ал 2018 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептер мен колледждерді мемлекеттік аттестаттау профилактикалық-алдын алу сипатына қайта бағдарланды және одан әрі жетілдіруді талап етеді.
          Қосымша білім беру ұйымдарын бағалау жүйесі және оның оқушылардың жетістіктеріне әсері жоқ. Осыған байланысты қосымша білім беру сапасына қол жеткізу факторлары мен шарттарын айқындау бойынша зерттеулер жүргізу қажет.
          Экономиканың және өңірлердің қажеттілігіне сәйкес білім беру мен кәсіби даярлықтың сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету
          Білім берудің әрбір деңгейіндегі оқыту мазмұны жалпы әдіснамалық шеңберге біріктірілмеген әртүрлі мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге құрылады. Қажетті білім, дағды және құзыреттер жиынтығына ие Қазақстан азаматының моделін (бейнесін) айқындайтын өмір бойы оқытудың бірыңғай тұжырымдамасы жоқ.
          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны 5 білім беру саласы бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған: денсаулық, коммуникация, таным, шығармашылық және социум. Мектептер кезең-кезеңімен жаңартылған бағдарламаларға өтуде, ол кең спектрлі дағдыларға баса назар аударады: білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдану, сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АКТ пайдалану, коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау. Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кезінде студент оқытудың 5 нәтижесін көрсетуі тиіс: оқып жатқан саласындағы білім және түсінік; кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және проблемаларды шешу; ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру; ақпаратты, идеяларды, шешімдерді хабарлау; оқуды өз бетінше жалғастыру дағдысы.
          Осылайша білім берудің әртүрлі деңгейлерінде алынатын негізгі дағдылар мен құзыреттер жиынтығындағы айырмашылықтар мен келіспеушіліктер өмір бойы оқу (lifelong learning) жүйесін құруға кедергі жасайды. Мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет.
          Білім алушылардың кәсіби бағдарына бірыңғай көзқарастың болмауы білім берудің үздіксіздігі проблемаларын күшейте түседі. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары негізінен жарнама түрінде жүргізіледі, колледждер мен ЖОО-лар даярланатын мамандықтар туралы хабардар ету үшін мектептерге баруды ұйымдастырады. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты контингентті тарту болып табылады. Қорытындысында 2016 жылғы "Болашақ – менің таңдауым" (Білім – Орталық Азия) әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша жоғары сынып оқушыларының 15 %-ы болашақ кәсіби қызметін анықтай алды. KASIPTEST кәсіптік диагностикасы 11-сынып оқушыларының 75 %-ы оқытудың бейіндік бағытын дұрыс таңдамағанын көрсетті.
          Кәсіптік бағдарлау жұмысының әлсіздігі жұмысшы кәсіптері беделінің төмендігімен қатар жастардың ТжКБ жүйесімен аз қамтылуына себеп болады, бұл, өз кезегінде, кадрларды даярлау сапасына кері әсер етеді. ДЭФ ЖБИ-2018 сәйкес жұмыс берушілер ТжКБ жүйесінің сапасын 3,7 балға (орташадан төмен) бағалайды. Нәтижесінде жұмыс берушілер болашақ кадрларды оқытуға инвестиция салуға мүдделі емес. 2018 жылы жұмыс берушілер есебінен білім алатын студенттердің үлесі білім алушылардың жалпы контингентінің бар-жоғы 0,2 %-ын құрады. Колледж студенттерін дуальды оқытумен қамту да жоғары емес – 8 %.
          Жоғары білім беру тиімділігі көрсеткіштерінің бірі оның интернационалдануы және жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтерден көрінуі болып табылады. 2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру кезеңінде жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі 4 %-ға дейін өсті. Қазақстандық жоғары оқу орындары алғаш рет Times Higher Education рейтингтік басылымы тарапынан танылды. QS WUR рейтингінде белгіленген қазақстандық ЖОО-лар саны 10-ға жетті.
          Алайда жоғары білім беруде ДЭФ ЖБИ-2019 "Түлектердің дағдылары" индикаторы бойынша Қазақстан 141 елдің ішінен 95-орында тұр. Әлеуметтік сауалнама жұмыс берушілердің 70 %-ы олардың дағдыларына қанағаттанбағанын көрсетті. Бұл ретте колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі статистикалық деректер негізінде жүргізіледі және бітірушілердің кері байланысын көздемейді.
          Жоғары білім сапасы студент жастардың шетелдік жоғары оқу орындарына кетуіне әсер етеді. Қазақстанда соңғы 7 жылда шетелге шығатын студенттердің саны 2 есеге өсті. 100 мыңнан астам қазақстандық әлемнің 130 елінде жоғары білім алуда.
          Аталған проблемаларды шешу үшін кәсіптік бағдар беру қызметінің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мамандарды даярлау және кәсіптік білім беруді интернационалдандыру процесіне жұмыс берушілерді тарту қажет.
          Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету
          Бәсекеге қабілетті тұлға мен маманды қалыптастырудың негізі отбасында, қоғамда және білім беру жүйесінде қалыптасатын құндылықтар болып табылады. Қазақстанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бекітілді. "Туған жер", "Қазақстанның киелі географиясы", "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы", "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы, "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы іске асырылуда. "Жас қыран" (1-4-сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10-сыныптар) балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубы (колледж, ЖОО) жұмыс істейді.
          Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының Қоғамдық саясат институтының зерттеу деректері бойынша патриотизм Қазақстан азаматтарының маңызсыз құндылықтарының бірі болып табылады. Сауалнамаға қатысқандардың 13 %-ы ғана патриотизмді маңызды құндылық ретінде атап өтті. ЭЫДҰ елдерінің негізгі орта білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына енгізілген 39 құндылықтың ішінде Қазақстанда тек алтауы ғана енгізілген.
          Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әлеуметтанушылық зерттеу деректері бойынша ата-аналардың 62 %-ы өз балаларына жеткілікті уақыт бөлмейді, 43 %-ы балаларының проблемаларына аз мән береді, 50 %-ы мектеп ортасына деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша педагог-психологтың консультациясын қажет етеді, 70 %-ға дейіні балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша көмекті қажет етеді.
          Балалар мен жасөспірімдер қылмысының және жоғарыда көрсетілген суицид жағдайларының өсуі тәрбие жұмысын күшейтудің қажеттілігін растайды.
          Осыған байланысты білім беру процесі мен білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру қызметі барысында тәрбие жұмысын жоспарлау мен іске асырудың түбегейлі жаңа тәсілдері, оларды қолдану мен сақтаудың түсінікті тетіктері бар мінез-құлық стандарттарын әзірлеу талап етіледі.
          Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту
          Білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту авариялық, үш ауысымды білім беру ұйымдарының санын қысқартуға, шағын жинақталған мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) мәселелерін шешуге, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ цифрландыруға бағытталған.
          5 жылда авариялық жағдайдағы мектептердің саны 4 есеге қысқарды, алайда оларды толығымен жою мүмкін болмай отыр. Табиғи тозу салдарынан 2018 жылы 31 мектеп (2016 жылы – 64 бірлік, 2017 жылы – 45 бірлік) авариялық деп танылды. Күрделі жөндеуге жататын мектептер саны 2016 жылы 793-тен 2018 жылы 842-ге дейін көбейді. Оның ішінде мектептердің 8 %-ы (71 бірлік) ғана жөндеуден өткізілді. Мектеп ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсетудің техникалық регламенттерін бұзу оларды авариялық жағдайға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар 13 қосымша білім беру ұйымы авариялық жағдайда, ал 198 ұйым күрделі жөндеуді талап етеді.
          Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың өзекті міндеті білім беру ұйымдарының техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізу және олардың авариялығын болдырмау бойынша қажетті алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
          Соңғы үш жыл ішінде үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің үлесі 1,8 % көлемінде өзгеріссіз қалып отыр, тиісінше, оқушы орындарының тапшылығы сақталуда.
          Үш ауысымды және авариялық мектептер, оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешу үшін шаралар кешенін, оның ішінде жаңа мектептер құрылысы үшін жеке инвесторларды тарту, білім берудің барлық деңгейлерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды және қаржыландырудың ваучерлік жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін қабылдау қажет.
          ШЖМ-ны инфрақұрылымдық дамыту үшін қазіргі уақытта 185 тірек мектеп (ресурстық орталық) жұмыс істейді. Оларға 605 магниттік ШЖМ бекітілген (барлық ШЖМ-ның 21 %-ы). Тек 70 тірек мектептің жанында мектеп жанындағы интернаттар жұмыс істейді. Барлық ШЖМ толық қамтылғанға дейін тірек мектептер мен мектеп жанындағы интернаттар желісін дамытуды жалғастыру қажет.
          Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша студенттерге арналған жатақхана салу, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарымен салу басталды. 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың, 2025 жылға қарай 90 мың орындық студенттік жатақхананы пайдалануға беруді қамтамасыз ету қажет.
          Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Бүгінде көптеген қазақстандық білім беру ұйымдары интернет жылдамдығының төмендігіне, цифрлық инфрақұрылымның жетіспеуіне немесе сәйкес келмеуіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдардың 60 %-ы, мектептердің 10 %-ы және колледждердің 18 %-ы әлі күнге дейін жылдамдығы 4 Мбит/с кем интернет желісіне қосылған. 2018 жылы мектептердің оқу процесінде 305 мың компьютер пайдаланылды, оның 30,3 %-ы ауыстырылуға жатады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет.
          Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің транспаренттілігін және тиімділігін арттыру
          2016 – 2019 жылдары білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігі мен айқындылығын арттыру үшін алқалы басқару органдары: мемлекеттік жоғары оқу орындарында – байқау кеңестері, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және колледждерде – қамқоршылық кеңестер құрылды.
          Жоғары білім беруде ректорларды сайлау қағидаты бойынша тағайындаудың жаңа қағидалары енгізілді. Жоғары оқу орындары академиялық, басқарушылық және кадрлық мәселелерде дербестікке көшті.
          2016 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру кезеңінде қаржыландыру жүйесінде бірқатар оң өзгерістер байқалды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктерін енгізу, сондай-ақ лицензиялауды жою жеке бизнесті мектепке дейінгі білім беруге айтарлықтай тартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдар желісінің үштен бірінен астамы жекеменшік болып табылады. Сонымен қатар
    1-3 жас аралығындағы балаларға жан басына шаққандағы қаржыландыруды тарата отырып және көрсетілетін қызметтердің сапасына байланыстыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың тиімділігі мәселесі пысықтауды талап етеді.
          Жан басына шаққандағы нормативке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар үшін жан басына шаққандағы нормативтің жеке мөлшері айқындалды; айтарлықтай нақты контингенті бар, бала саны шамадан тыс көп мектептер үшін түзету (төмендету) коэффициенті енгізілді. Жаңадан пайдалануға енгізілетін жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері айқындалды. Нормативке жеке инвесторлардың жаңа оқушы орындарын енгізуі үшін ынталандырушы компонент енгізілді. Еліміздегі колледждер де жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуде. ЖОО-лар қаржылық мәселелерде дербестік алды.
          Қосымша білім беруге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу балаларды сабақтан тыс оқытумен және тәрбиелеумен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік берер еді.
          Алайда Қазақстанда ЖІӨ-ден білім беруге арналған шығыстардың үлесі бұрынғыдай төмен күйінде қалып отыр – 3,3 %. Көрсеткіш серпіні 2012 жылдан бастап 3,5 %-дан аспай бір деңгейде сақталуда. Бұл ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткіш деңгейінен (5 %) және ЮНЕСКО ұсынған 4-6 % деңгейден төмен.
          Білім және ғылым, сондай-ақ ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау және іске асыру қаржыландыруды ЖІӨ-нің 5 %-ына дейін ұлғайтуды және Білім және ғылым министрлігі, барлық деңгейдегі салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында жүйелі өзара байланыс құруды талап етеді.
          Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту
          Жыл сайын PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаюда. 2018 жылы түлектердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 619-дан 721 адамға (+14 %) дейін жетті. "Болашақ" халықаралық стипендиясы ғылыми-зерттеу әлеуетін қалыптастыруға белсенді үлес қосуда: стипендиаттардың 93 %-ы магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқиды.
          2018 жылы ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 384 ұйым айналысты (2016 ж. – 383 бірлік, 2017 ж. – 386 бірлік). Оның 39 %-ы экономиканың кәсіпкерлік секторына, 27 %-ы мемлекеттік секторға, 25 %-ы жоғары білім беру ұйымдарына, 9 %-ы ғылымның коммерциялық емес секторына тиесілі болды.
          2018 жылы ғылым саласына тартылған қызметкерлердің ішінде 55 жастан асқан зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жастағы мамандардың үлесіне жалпы контингенттің 30 %-ына дерлігі тиесілі. Жас ғалымдар контингенттің 35 %-ға жуығын құрады. Соңғы жылы 35-тен 54 жасқа дейінгі жас тобындағы ғалымдардың үлесі жалпы ғалымдар санының 40 %-ын құрады.
          Сонымен қатар талантты жастар мен жоғары білікті мамандарды ғылымға тарту және ұстап қалу проблемасы сақталуда. Ғылыми кадрлардың зерттеу дағдылары жеткіліксіз, ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен және технологиялық даму мен инновация саласындағы дағдылары әлсіз.
          Елімізде 1 млн. халыққа 662 ғалымнан келеді, бұл Ресейге қарағанда (2852) 4,3 есе, Беларуське қарағанда (1805) 2,7 есе және АҚШ-қа қарағанда (4256) 6,4 есе аз.
          Бұдан басқа, қазіргі уақытта ғылым саласында ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеудің төмен деңгейі және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру тетіктерінің болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нәтижелілігінің төмендігі және индустрия мен бизнес тарапынан ғылыми нәтижелердің талап етілмеуі; бизнестің инновациялық белсенділігі үлесінің төмен болуы; ғылыми саланың инвестициялық тартымдылығының аздығы және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мен қоса қаржыландырудың төмендігі сияқты проблемалар бар.
          Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша орташа жалақы 287 мың теңгені, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 157 мың теңгені, базалық қаржыландыру бойынша 72 мың теңгені құрайды. Ең төменгі жалақы гранттық қаржыландыруда – 51 мың теңге. 2018 жылы ғылымның мемлекеттік секторындағы жалақы 119 мың теңгені құрады, бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен (163 мың теңге) төмен.
          ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстар көлемі салыстырмалы түрде біршама аз болып қалуда. Қазақстанда 2015 жылдан бастап ҒЗТКЖ шығындары 2018 жылы ЖІӨ-нің 0,17 %-ынан 0,12 %-ына дейін қысқарды. ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындарды қаржыландырудың ең көп бөлігі республикалық бюджет қаражатына тиесілі - 51,3 %, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 40,9 %-ды және басқа да көздер 7,8 %-ды құрайды.
          Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және ғылымды цифрландыру
          ҒЗТКЖ-ны іске асыратын мемлекеттік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының (бұдан әрі – ҒЗИ) ғылыми жабдықтары біртіндеп жаңартылуда (13 %). Жоғары білім беру ұйымдарында және ҒЗИ-да коммерцияландыру офистері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, енгізу бөлімшелері құрылды. Алайда ғылыми инфрақұрылым ғылыми зерттеулерді іске асырудың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді.
          Ғылыми ұйымдардың бірыңғай деректер базасы жоқ. Ғылыми бағыттар мен ғылыми мектептер Қазақстан дамуының басым бағыттарына жеткіліксіз шоғырланған, сондай-ақ ғылымның зияткерлік әлеуеті мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келмейді.
          Ғылыми әзірлемелердің қажеттілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау
          Ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылымды дамытудың жеті басымдығы шеңберінде іске асырылады.
          Қазіргі уақытта 2018 – 2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 1076 ғылыми жоба іске асырылуда. 2019 жылға қаржыландыру сомасы 9,5 млрд. теңгені құрайды.
          Еліміз бойынша 2018 – 2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 144 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда. 2019 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі 23 млрд. теңгені құрайды.
          2018 – 2020 жылдары 8 министрліктің 101 ұйымы қаржыландырылады. 2019 жылы базалық қаржыландыру көлемі 4,6 млрд. теңгені құрады.
          Қазіргі уақытта ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша гранттық қаржыландыруға өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 38 млрд. теңгені құрайтын 153 жоба іске асырылуда, қоса қаржыландыру 5 млрд. теңгеден асты, яғни 14,5 %-ды құрайды (2017 жылы – 2,1 млрд. теңге, 2018 жылы – 2,3 млрд. теңге, 2019 жылы – 2,5 млрд. теңге). 2018 жылдың қорытындысы бойынша 25 жоба аяқталды. 36 жоба бойынша өндірістерді іске қосу ұйымдастырылды, одан түскен табыс 2019 жылдың бірінші тоқсанында "Ғылым қоры" АҚ-ның деректері бойынша шамамен 1 млрд. теңгені құрады.
          Қазақстанда жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігіне бағалау жүргізіледі. Ғылыми-практикалық нәтижелілік деңгейі жоғары және орташа ғылыми жобалар мен бағдарламалар саны 2016 жылы 64,9 %-дан 2018 жылы 72,4 %-ға дейін артты. Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияланатын жобалардың үлесі үш жылда 6,8 %-ға өсті және 2018 жылы 23,5 %-ды құрады. 2016 жылдан бастап берілген қорғау құжаттарының саны 2,5 есеге артты. Бұл ретте ғылыми зерттеулер экономика мен қоғамның өзекті қажеттіліктеріне жеткілікті бағдарланбаған, бұл қоғамда ғылымға деген көзқарасқа кері әсер етеді, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру әлеуетін және бизнес тарапынан ғылыммен ынтымақтастыққа деген қызығушылықты төмендетеді.
          11 ЖОО-ның инновациялық және ғылыми қызметтен түсетін табысының үлесі 9 %-дан 12,4 %-ға дейін өсті. Алайда жоғары оқу орындары, ҒЗИ, бизнес-қоғамдастық, мемлекет және басқа да мүдделі тараптар (делдал ұйымдар, азаматтық қоғамдастық және т.б.) арасындағы ынтымақтастықтың әлсіз екені байқалады.
          Білім мен ғылымды қаржыландыру көлемі жоғары деңгейдегі дағдыларды дамытуда, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, ЭЫДҰ елдерінің қағидаттары мен стандарттарына сай келетін елдің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев Бағдарламада білім мен ғылымға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-ден 5 %-ға дейін ұлғайтуды қарастыруды тапсырды.
          Білім беру жүйесін SWOT-талдау
          1. Күшті жақтары
          1) педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
          2) білім беру мазмұнын жаңарту;
          3) жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізу;
          4) ТжКБ жүйесінде дуальды оқытуды енгізу;
          5) "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасын іске асыру;
          6) ЖОО-лардың академиялық еркіндігін кеңейту;
          7) оқытушылық-профессорлық құрамның (бұдан әрі – ОПҚ) және ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің өсуі;
          8) өсу нүктелерінің болуы – "Назарбаев Университеті" ДБҰ – әлемдік деңгейдегі университет, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ;
          9) Болон процесіне мүшелік;
          10) "Болашақ" бағдарламасы;
          11) ашықтық;
          12) халықаралық әріптестікке ұмтылу;
          13) көптілді білім беру;
          14) академиялық ұтқырлық және шетелдік топ-менеджерлер мен ғалымдарды тарту бағдарламасын мемлекеттің қаржыландыруы;
          15) кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі;
          16) ЖОО-ларда қос дипломды білім беру бағдарламаларының болуы;
          17) қабылданатын шешімдердің айқындылығы;
          18) ғылыми деректер базаларына жазылудың болуы.
          2. Әлсіз жақтары
          1) дәрежелері бар кадрлардың қартаюы;
          2) сенімді білім беру статистикасы жүйесінің болмауы;
          3) білім беру жүйесін толық қаржыландырмау;
          4) білім беруге жұмсалатын шығындар 3,8 %-ды құрайды, ал ЮНЕСКО-ның ұсынғаны 5-7 %;
          5) білім беру гранттарының біркелкі бөлінбеуі;
          6) өңірлік даму қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін көп бейінді университеттер санының артық болуы;
          7) кадрлар даярлаудағы сәйкессіздік;
          8) оқу орындарында ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі;
          9) оқытушылардың орташа жалақысы әлемдегі ең төменгі жалақылардың бірі болып табылады;
          10) жоғары білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы қатты ескірген;
          11) білім беру бағдарламалары мазмұнының теңгерімсіздігі;
          12) ғылым мен салалық ғылыми зерттеулерді бірыңғай орган үйлестірмейді;
          13) ғылым, білім және өндірістің нашар байланысы;
          14) педагогикалық білім сапасының төмендігі;
          15) бітірушілер бейіні құзыреттерінің кәсіби қауымдастық талаптарына сәйкес келмеуі;
          16) ішкі академиялық ұтқырлық кезіндегі кедергілер – оқу құнының әртүрлі болуы;
          17) алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелерін тану жүйесінің жетілмегендігі;
          18) ҚР жоғары білім беру жүйесінде ғылыми қызметкерлерді еңбекке ынталандыру деңгейінің төмендігі;
          19) біліктілікті арттырудың жоспарлы жүйесінің болмауы;
          20) ОПҚ-ның шет тілдерін меңгеруінің нашар деңгейі;
          21) ОПҚ-ның және зерттеушілердің ғылыми деректер базасын жеткіліксіз пайдалануы;
          22) PhD бағдарламалары бойынша білім алушылар саны жоғары білім беру ұйымдарының және ҒЗИ-дың дәрежеленген кадрларға деген қажеттілігін өтемейді.
          3. Мүмкіндіктері
          1) білім беру жүйесіне мемлекеттің назары;
          2) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту;
          3) халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау;
          4) халықаралық гранттар мен бағдарламалар бойынша оқыту;
          5) жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білімді қаржыландыру;
          6) Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейту.
          4. Қауіптер
          1) бірқатар өңірлерде NEET жастарының жоғары үлесі;
          2) таланттылардың елден кетуі;
          3) білім берудің жаһандануы салдарынан бәсекелестіктің өсуі;
          4) IT дамуына байланысты күндізгі оқыту қажеттілігін төмендету;
          5) еңбек ресурстарының теңгерімсіздігі;
          6) қоғамдық тетіктер мен азаматтық қоғам институттарының қалыптаспауы;
          7) жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі стейкхолдерлердің пассивтілігі;
          8) шетелдік студенттер үшін қазақстандық білім берудің тартымсыздығы;
          9) кәсіптік қоғамдастықтың білім беру процесіне қатысуға және мамандарды сертификаттауға дайын болмауы;
          10) ресейлік жоғары және орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары және басқа бәсекелестер тарапынан белсенді бәсекелестік;
          11) кадрлардың басқа салаларға кетуі.
          4-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
          1-мақсат: Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.]]>
    admin Thu, 18 Jun 2020 15:58:19 +0600
    Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы№ 20 http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/319-blm-beru-jymdary-blm-beru-yzmetnde-pajdalanatyn-ata-eseptlkteg-zhattardy-nysanyn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-mndetn-atarushyny-2007-zhyly-23-azanday-502-bjryy-20.html http://3-licei.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/319-blm-beru-jymdary-blm-beru-yzmetnde-pajdalanatyn-ata-eseptlkteg-zhattardy-nysanyn-bektu-turaly-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-mndetn-atarushyny-2007-zhyly-23-azanday-502-bjryy-20.html
    «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы № 208 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);]]>
    бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
          көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындарында:
          орта білім беру ұйымындағы бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          1-4-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;
          5-11(12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жазылсын;
          теориялық оқытуды есепке алу журналы (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          өндірістік оқытуды есепке алу журналы (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          әрбір айға оқытушының жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          оқытушының жылдық жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен) сы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          емтихан ведомосі (білім алушыларды аралық аттестаттауға арналған) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          білім алушының студенттік билеті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          білім алушының үлгерім кітапшасы осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          диплом беру кітабы осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          дипломның телнұсқаларын беру кітабы осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          академиялық анықтама беру кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          атаулы кітап осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
          білім алушылардың алфавиттік кітабы (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушыларының есебін алу үшін) алынып тасталсын;
          осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес жеке сабақтарды есепке алу журналымен (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) толықтырылсын;
          осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес емтихан ведомосымен (оқытудың кредиттік және (немесе) модульдік технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттауға арналған) толықтырылсын;
          осы бұйрыққа 10-1-қосымшаға сәйкес қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасымен (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) толықтырылсын.
          2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
          2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
          3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
          4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.
          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    ]]>
    admin Tue, 16 Jun 2020 15:51:13 +0600