ТВ-Видео - Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі http://3-licei.mektebi.kz/ ru ТВ-Видео - Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі DataLife Engine «№3 ML BIZDIŃ ARNA» жобасы. http://3-licei.mektebi.kz/main/291-3-ml-bizdi-arna-zhobasy.html http://3-licei.mektebi.kz/main/291-3-ml-bizdi-arna-zhobasy.html
«№3 ML BIZDIŃ ARNA» жобасы.
 Оқушылар арасында телевидение саласына қызығушылықтарын анықтау, белсенді, талантты, ерекше қасиеттері бар білім алушылардың дарынын ары қарай жетілдіру, білім алушылардың жүргізушілік мүмкіндіктерін арна арқылы таныстыру мақсатында №3 мектеп-лицейінде «№3 ML BIZDIŃ ARNA» жобасы іске қосылды.
Бұл жобаның өзектілігі: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану.  Оқушылардың сөйлеу шеберлігін шыңдау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім алушылардың интелектуалды – танымдық ойлау қабілетін  дамыту. Пайдалы ақпараттармен бөлісу.
Қазан айында бастау алған бұл жобада «Ұрпаққа өнеге», «Бал бала», «Кел, балалар оқылық!», «Пайдалы кеңес», «Өлкетану» атты бағдарламалар көрерменге жол тартты. Осы уақыт аралығында 15 жуық келелі сұхбаттар болып, 10 жуық қызықты бағдарламалар ұсынылды.  
«Ұрпаққа өнеге» айдарын №3 мектеп-лицейінің директоры Абдирасилова Зауре Садуақасқызы жүргізеді.
«№3 ML BIZDIŃ ARNA» арнайы жобасында қонақта - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы –Нұрақбаев Ринат Даниярұлы,     16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актеры, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Әбиірбек Тінәлі келіп, тұшымды ойларын айтып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. 
«№3 ML BIZDIŃ ARNA» жобасында 20 аса білім алушылар жүргізушілік қабілеттерін көрсетіп, өз бақтарын сынады.
Жоба бағдарламаларында бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 жұқпалы індеті туралы көрермендерге қажетті мағлұматтар айтылып, Тараздың киелі жерлеріне саяхат жасау басталды. Сонымен қатар, «Оқуға кеңес беремін» акциясы аясында кітапхана меңгерушісі Байжігіт Зауре Жылқыбайқызы  ХХI ғасыр кітапханасы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. «Жеті атасын білген ер –жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ер –құлағы мен жағын жер» демекші арнада «Жеті атаның шежіресі» тақырыбы да қозғалып, пайдалы кеңестер айтылды.
Алдағы уақытта да, «№3 ML BIZDIŃ ARNA» арнайы жобасы көрерменге  қызықты контент ұсынып, пайдалы ақпараттармен бөлісетін болады.
]]>

















]]>
admin Thu, 28 Jan 2021 17:00:37 +0600
Бүгінгі «Bizdiń arna» - ның шығарылымы «Жеті ата шежіресі» тақырыбына арналады. http://3-licei.mektebi.kz/main/294-bgng-bizdi-arna-ny-shyarylymy-zhet-ata-shezhres-tayrybyna-arnalady.html http://3-licei.mektebi.kz/main/294-bgng-bizdi-arna-ny-shyarylymy-zhet-ata-shezhres-tayrybyna-arnalady.html Бүгінгі «Bizdiń arna» - ның шығарылымы «Жеті ата шежіресі» тақырыбына арналады.
 “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы сөз бүгінгі жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбиені одан әрі сіңіруді қажет ететіндігін көрсетеді.
 «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі, ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша өрбіткен жөн болар.
]]>
https://www.facebook.com/100029853757715/videos/459910191680769/​​​]]> admin Wed, 20 Jan 2021 17:09:04 +0600