Ақпарат » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2019

Ақпарат

КЕРЕКУДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ


Биыл дәстүрлі түрде өтетін журналистика мамандығы бойынша студенттер арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиада Павлодар қаласында жалғасын тауып отыр

Болашақ БАҚ өкілдері бақталасатын бұл жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 17 құрама қатысуда. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін бағы мен бабын бағушылар жалпы 5 кезең бойынша шеберліктерін көрсетуі шарт. Олар жарыс ережесіне сайқазылар алқасының ұпайларымен бағаланады. Бұл байқаудың берері бәссіз басым. Өйткені келген қатысушылар тек жарысып қана қоймай, Кереку жерінің  көркіне куә болады. Осы орайда оларға  арнайы экскурсия да ұйымдастырылды. Саяхат барысында командалар Ауған соғысы ардагерлері аллеясы мен Сұлтанмахмұт Торайғыров саябағының және әйгілі Мәшһүр Жүсіп мешітінің тарихымен танысты. Одан әрі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына бағытты бұрған байқаушылар, қаланың басқа да  мәдени ошақтарын аралады. Айта кетейік, болашақ тілшілер додасы әлі де жалғасуда. Жүлдегерлер жарыс соңында анықталып, арнайы сыйлықтармен маратталатын болады.


Нұрлан Әбдікәрім. Тараз қаласы

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив