Іс-шаралар » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өзін-өзі тану -шығармашылық педагогикасы» тақырыбында іс-шаралар жоспары.
09
февраль
2021
«Өзін-өзі тану -шығармашылық педагогикасы» тақырыбында іс-шаралар
№3 мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәнінің «Өзін-өзі тану -шығармашылық педагогикасы» тақырыбында іс-шаралар жоспары.
2 «А» сынып оқушысы Әбдіқұл Айша  мұзбалақ ақынның шығармаларынан «Елім барда» өлеңі
02
февраль
2021
2 «А» сынып оқушысы Әбдіқұл Айша мұзбалақ ақынның шығармаларынан
Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 90жылдық мерейтойы қарсаңында                                  №3 мектеп-лицейінің  2 «А» сынып оқушысы Әбдіқұл Айша  мұзбалақ ақынның шығармаларынан «Елім барда» өлеңін мәнерлеп оқып, байқауға қатысуда. #МұқағалиМақатаев90жас
«Құқықтық білім беру» айлығы
01
февраль
2021
«Құқықтық білім беру» айлығы
              Тараз қаласының білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  2021 жылдың ақпан айында № 3 мектеп-лицейінде оқушылар мен  ата-аналардың құқықтық мәдениетін көтеру,  білімін арттыру мақсатында «Құқықтық білім беру» айлығы өтетіндігін хабарлайды.
Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай  Тараз қаласы,  №3 мектеп- лицей кітапханасында көрме ұйымдастырылды
29
январь
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай Тараз қаласы, №3 мектеп-
Ұлы ақын,ұлы ұстаз,суырып салма ақын,жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай  Тараз қаласы,  №3 мектеп- лицей кітапханасында көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Жамбыл Жабайұлы – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбыл –  әрі айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Оның шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫНЫҢ БІРІ – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
27
январь
2021
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫНЫҢ БІРІ – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫНЫҢ БІРІ – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ          Тараз қаласы  №3 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті                  пәнінің мұғалімі Р.Т.Алдажанова           Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12
"Халық өнерінің мұрасы" тақырыбында көрме
19
январь
2021
"Халық өнерінің мұрасы" тақырыбында көрме
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" арнайы жобасы негізінде "Халық өнерінің мұрасы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
9 сынып білім алушыларымен "Мұғалім оқушы көзімен" тақырыбында сауалнама .
13
январь
2021
9 сынып білім алушыларымен "Мұғалім оқушы көзімен" тақырыбында
Бүгінгі мектебіміздің 9 сынып білім алушыларымен "Мұғалім оқушы көзімен" тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнаманын мақсаты: мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасын анықтау. Офлайн режимине көшкен оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі. II жарты жылдықта білім алушылардың зейіндері ашылып, биік шыңдарды бағындырсын. Мектеп психологтары: С.Муханова, Ш.Бекенқызы.