Педагог күнделігі » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2020

Педагог күнделігі

             Әлемдегі коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты ағымдағы оқу жылының ІV тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшуіне байланысты мектепалды даярлық сыныптары да шетте қалмады. Осы ретте қашықтан оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар әрқайсымызды болса да бей-жай қалдыра алмады. Өзім жетекшілік етіп отырған №3 мектеп-лицейдің мектепалды даярлық «Б» сынып оқушылары мен ата-аналары да белсене кірісті.

            5-6 жасар балалар қашықтан сабақ барысында бекітілген кесте бойынша оқуды жалғастырып жатыр, айырмашылығы – сабақтар WhatsApp мессенджері арқылы өтетіндігінде. Педагог пен оқушы арасындағы байланыс ретінде негізінен кері байланыс ретінде WhatsApp мессенджері қолданылады

           Бұл сабақ педагогтердың және ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты болып тұрғандықтан, ата-аналар белгіленген уақытта  педагогпен байланыста отырады.

      Оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, осы WhatsApp-тан 10-15 минуттық сабақ барысында олар жаңа тақырыпты тыңдап, талқылайды, практикалық тапсырмаларды орындайды, пікір алмасып, жауап береді, жазбаша жұмыстарын жібереді. Дыбыстық хабарламалар арқылы оқып, кері байланыс жасалынады. 

        Оқу тапсырмалары мен олардың сілтемелері алдын ала дайындалады. Ал бейнежазбалар оқушылар үшін қолжетімді. WhatsApp мессенджері  арқылы тақырып зерделенеді, сол арқылы сыныппен «жанды» қарым-қатынас, байланыс орнатылады. Негізінен, қашықтан оқыту кезінде тұйық, балалар ұжымына қосыла бермейтін балалардың өзі қызығушылық танытып, дауысты хабарламаларда тосырқамай жауап беріп отыр. Бейнежазбалар арқылы дидактикалық ойындар ойнатылып, сергіту сәттері де қызықты өтіледі.

Қорыта келе, бүгінгі күні қолда бар қашықтан және онлайн-оқыту жүйелері мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтырып, оқу жылын ойдағыдай аяқтауға мүмкіндік береді, әрі  бірінші сыныпқа дайындауды  қамтамасыз етеді.





Мектепалды даярлық сынып   педагогы:

    Қабланова   Г.Д.                                                                          
 #Педагогкүнделігінен

#Бізбіргеміз!

#Қашықтаноқыту

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив