Бос орындар туралы » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2022

Бос орындар туралы

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 23 қыркүйек – 3 қазан аралығында   жүргізіледі.  


Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының  (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және   мектебіміздің ресми сайтына (3-licei.mektebi.kz) жарияланады.


Конкурс төмендегідей  уақытша  бос орындарға жүргізіледі:


Физика (1 декреттік орын (еңбек шартының мерзімі –1жыл, ағымдағы оқу жылы) – барлығы  16 сағат;


Барлық пән мұғалімдері

         Білуге тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;   оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;    педагогика мен психология;  пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;педагогикалық этиканың нормалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім ;педагогикалық жұмыс өтілі болған жағдайда оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог", "педагог – модератор", "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды, талдау жүргізеді; электронды журналдарды толтырады;оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады;ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 Лауазымдық жалақысы:130 000 мың тг бастап(еңбекақы еңбек өтіліне сәйкес белгіленеді)


  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

         1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

         2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

         3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

         4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

         6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

         7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

         8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

         9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


         Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Бәйтерек мөлтек ауданы 44, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі" КММ  қабылдау бөлмесінде қабылданады. Анықтама байланыс телефоны: 54-56-19.

Электронды почта:sl3taraz@mail.kz , sl3taraz@mail.ru


Конкурс өткізілетін орын: 

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі" КММ конференция залы


         Құжат қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 23 қыркүйек-03 қазан аралығында жүргізіледі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив