"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
24
июнь
2019

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен бекітілген

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

     1. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратымен (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі. 
      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
     1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
     2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
     3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады"
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.03.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2018 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
     2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
     Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.06.2018 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
     Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.03.2018 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

     4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
     5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
     1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді – 15 минут;
     2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды - 1 жұмыс күнінен аспайды;
     3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды - 3 жұмыс күнінен аспайды;
     4) басшы анықтамаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды - 1 жұмыс күнінен аспайды;
     5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау беру – 30 минут.
     6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
     1) тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш;
     2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
     3) анықтама жобасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы;
     4) қол қойылған анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

     7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
     1) кеңсе қызметкері;
     2) жауапты қызметкер;
     3) мемлекеттік қызмет берушінің басшысы.
     8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
     1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және жауапты қызметкерді белгілеу үшін қызмет берушінің басшысына жолдайды – 15 минут;
     2) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып, өтінішті орындауға жолдайды –1 жұмыс күнінен аспайды;
     3) жауапты қызметкер өтінішті қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және оны қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 3 жұмыс күннен аспайды;
     4) қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 жұмыс күнінен аспайды;
     5) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді – 30 минут. 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

     9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
     Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттар топтамасын стандартқа сәйкестігін қарайды – 15 (он бес) минут.
     Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
     Мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. 
     Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
     Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.03.2018 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
     мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 (он бес) минут.
     Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында - www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.03.2018 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында - www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.03.2018 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


 "Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына
және кейін үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

 "Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған жалпы білім беретін мекемелерге және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.06.2018 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      


Шартты белгілері: 

      

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив