Мектеп-лицей директорының 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесі алдындағы ЕСЕБІ » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп-лицей директорының 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесі алдындағы ЕСЕБІ
27
май
2019

Мектеп-лицей директорының 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесі алдындағы ЕСЕБІ

№3 мектеп-лицей директоры Абдирасилова Зауре Садуақасқызының 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша 


ЕСЕБІ


№3 мектеп-лицейі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйек №2143 қаулысына сәйкес ашылған.

Шектелмеген мерзімге «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №KZ51LAA00015773 (08.04.2019 жыл) лицензиясын алдық. 

Бүгінгі таңда 1-10 сыныптар арасында 1712 (162) оқушы білім алуда. Мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыны құрайды. 

Сапалық құрам. №3 мектеп-лицейінде барлығы  118 педагог мұғалім жұмыс істейді, олардын барлығының негізгі жұмыс орны №3 мектеп-лицейі, онын ішінде: 21-і жоғары, 23-і  бірінші санатты, екінші  18, санаты жоқ  41, педагог-шебер  1, педагог-зерттеуші  7, педагог-сарапшы  3, педагог-модератор  3, ғылым кандидаты  1, магистр  7, бұл штаттағы педагогтардың жалпы санының  47,4%-ын құрайды. 

Техникалық жабдықталуы. №3 мектеп- лицейінде оқу процесін өткізуге арналған жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша оқу кабинеттері  48, оның ішінде: АӘД-62,07 ш2, ағылшын тілі кабинеті  6 (154,58 ш2), (3 лингафон-126,01 ш2), информатика  2 (188,08 ш2), биология  2 (129,66 ш2), химия кабинеті  2(124,14ш2), физика  2 (124,14ш2), математика  4 (249,6 ш2), қазақ тілі  4 (248,28 ш2), орыс тілі кабинеті  4 (248,28 ш2), сурет және сызу  1 (62,07ш2), музыка  1 (62,07ш2), география  2 (124,14ш2), тарих  2 (124,14ш2), шеберхана (ұлдар) ағаш өңдеу  1 (59,68), шеберхана (ұлдар) металл өңдеу  1 (59,68), шеберхана (қыздар) кулинария  1 (42,99), шеберхана (қыздар) тігін  1 (59,68), бастауыш сынып кабинеттері  20 (1241,4ш2), ММК-2 деп көрсетілген (124,14ш2), Робототехника кабинеті  1 (124,14ш2).

Оқу зертхана кабинеттері-информатика  2, (33,6 ш), биология зертханасы  2 (33,26 ш), химия зертханасы  2(33,72 ш), физика зертханасы 2(33,26 ш).

 Компьютер кабинеттері  2 (154,18ш), компьютерлердің жалпы саны 145, оның ішінде ПК  95, ноутбуктер  50, интерактивті тақталар  16, проекторлар  16.  


2018-2019 оқу жылы жетістіктері.

  • Халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда – 50 орын;
  • Республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда – 97 орын;
  •  «Дарын» РҒПО өткізетін қашықтық олимпиадаларда – 59 орын.
  • халықаралық олимпиадалар мен байқауларда – 8 орын;
  • республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда – 29 орын;
  • облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда – 6 орын;
  • аудандық/ қалалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда – 10 орын.

Сапа көрсеткіші.

2018-2019 оқу жылының  ІІІ тоқсанын  1712 білім алушы  аяқтады. ІІ тоқсанмен салыстырғанда 26 білім алушыға өсіп отыр. Барлығы  1-10 сыныптар аралығында 61  сынып – комплект бар. 

Денсаулығына байланысты ПМПК қорытындысы бойынша 2 сынып – 2 оқушы,  3 сынып – 3 оқушы, 4 сынып – 2 оқушы, 5 сынып – 1 оқушы, 7 сынып – 3 оқушы,  8 сынып – 1 оқушы, 10 сынып-1оқушы, барлығы – 13 білім алушы үйде оқытылады.

Мектеп-лицей бойынша 1-10 сыныптар аралығында жалпы білім сапасы – 62%, үлгерім 100%. ІІ тоқсанмен салыстырғанда 6,6%-ға өсіп отыр.

ОЖСБ нәтижесі.

Мектеп-лицей бойынша 4,9 сыныптардан 177 оқушы қатысты. 

4 сыныптар – 24 балл, 9 сыныптар  – 50 балл жинады. 

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес құрылған. Құрамында 15 мүше бар. 

 Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

Сіздердің назарларыңызға мектеп формасын ұсынамын.


Сіздердің назарларыңызға мектеп фоелерінің жобаларын ұсынамын.


Спонсорлық счет реквизиттері

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Г. Тараз, ул. Койгельды, 190

ИИК KZ720704034646680001

БИК KKMFKZZA

БИН 120540004945

РГУ «Комитет казначейства Министерства финансов РК» 


Қаулы: 

  1. №3 мектеп-лицейде білім сапасын көтеруге баса назар аудару. Жауапты - мектеп директоры Абдирасилова З.С.
  2. Қайырымдылық көмек ұйымдастыру арқылы мектеп фойелерін безендіру жұмыстарын қолға алу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив