18
апрель
2020
Қашықтан оқыту
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында елімізде білім алушыларды қашықтан оқыту технологиясы енгізілді. Қашықтан оқытуды бастадық,төртінші тоқсан бұрын соңды қолданыста болмаған форматта басталды.Әрине, алғаш рет болғандықтан, басында қобалжу болғанын жасыра алмаймын. Себебі кез келген жаңа бастамада кедергілер болары сөзсіз.Десе де, ата-ана, ұстаз,білім алушылар үштігі бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасап, кез келген кедергіні бірлесе жеңеміз деген ойда болдым. Міне оқу жылындағы соңғы тоқсанның алғашқы он күндігін артта қалдырдық. Ұстаздар қауымы келешек ұрпаққа сапалы білім беру жолында оқытудың кез келген форматын оңай игеріп кете алатынын қоғамға дәлелдеп бергендей. Қазіргі кезде барлық қобалжу артта қалды. Себебі білім алушылардың жіберген ақ тілегі, алғысы ата-аналардың ақ жарма ұсынысы мен пікірі ұстаздар қауымын шабыттандырып отыр. Барлығымыз үшін бұл өтпелі кезеңде ата аналар мен балалардың зор алғысына ие болуымыз бірінші кезекте мектеп әкімшілігінің толассыз еңбегінің нәтижесі. Барлық мәселенің шешімін табуға жол көрсетті, көрсетіп келеді.
Құрметті #3 мектеп-лицейінің Зәуре Садуақасқызы бастаған әкімшілігі сіздерге зор денсаулық пен қажымас қайрат тілей отырып, өз алғысымды білдіремін.
№3 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Индира Алимкулова
#Педагогкүнделігі
#Бізбіргеміз
#Қашықтаноқыту
Құрметті #3 мектеп-лицейінің Зәуре Садуақасқызы бастаған әкімшілігі сіздерге зор денсаулық пен қажымас қайрат тілей отырып, өз алғысымды білдіремін.
№3 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Индира Алимкулова
#Педагогкүнделігі
#Бізбіргеміз
#Қашықтаноқыту