Қашықтан оқыту
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында елімізде білім алушыларды қашықтан оқыту технологиясы енгізілді. Қашықтан оқытуды бастадық,төртінші тоқсан бұрын соңды қолданыста болмаған форматта басталды.Әрине, алғаш рет болғандықтан, басында қобалжу болғанын жасыра алмаймын. Себебі кез келген жаңа бастамада кедергілер болары сөзсіз.Десе де, ата-ана, ұстаз,білім алушылар үштігі бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасап, кез келген кедергіні бірлесе жеңеміз деген ойда болдым.