Қашықтан оқыту » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2020

Қашықтан оқыту

  Қазіргі таңда қоғамда орын алған елеулі жайттар қайсымызды болса да алаңдатпай, бей-жай қалдырған жоқ. Ұстаз бен ата-ана, шәкірт үштігі ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасап, қазіргі таңда қашықтан оқытуда мұғалімдер нәтижелі жұмыс көрсетуде.Мен еңбек ететін № 3 мектеп - лицей ұстаздар қауымы да бүгінгі таңда жұмылған жұдырықтай бірігіп, үлкен ауызбіршілік пен жұмыс жасауда. Дүниедегі ең асыл қасиеттердің бірі - балаға білім беру деп ұғамын. Б. Момышұлы "Ұстаздық- ұлық емес, ұлы қызмет" деп тегін айтпаса керек.Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Альтаева Шакизат Құдайбергенқызының өткізген вебинарлары, кәсіби әдістемелік көмектері маған қашықтан оқыту ерекшеліктерін терең түсінуге жол ашты. Сонымен қатар "Bilimland" "Daryn" т. б. сайттарға материалдар мұғалімдерге үлкен көмек болды. Ұстаздар сабаққа керек материалдарды, оқушыға өз бетінше түрлі тапсырмалар беріп, кері байланыс үнемі жасалынып отыр. Оқушылар да тапсырманы қызыға орындап, мектепке деген сағыныштарын үнемі жеткізіп отырады.
Білім алушылардың жіберген ақ тілектері, алғыстары ұстаздар қауымын шабыттандыруда.
Ойымды "Ұстаз болу- өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау" деген сөзбен қорытындылағым келеді.
Баккараева Нуршат Бейсенбековна
№ 3 мектеп-лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тараз қаласы
#Педагог күнделігі
#Бізбіргеміз!
#Қашықтан оқыту 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив