Педагог күнделігінен » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2020

Педагог күнделігінен

Қай кезде де мұғалімге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Біз таңдаған мамандық жаңашылдық жаршысы болуды талап етеді. Сондықтан да бүгінгі таңда індет пен міндет қатар келгенде ұлтымыздың кемелді келешегі үшін ұстаздар қауымы барын салуда. Сын сағатта сыналатынын да, шындалатынын да олар жақсы біледі, түсінеді. Бастапқыда көңілде күдік болғанын жоққа шығара алмаймыз. " Қашықтан оқыту? Бұл қалай болар екен?" деген сауалдар ә дегеннен санамызды сан саққа жүгіртті. Қиындықтар болмады емес, болды. Солай болуы да керек еді. Дегенмен, қолдау, мақсатты жоспарлар, ісімізге деген адалдық алға жетеледі. Мектеп-лицейіміздің басшысы " Кімге қандай көмек керек?", "Оқуға қамтылмаған білім алушы қалып қоймасын..." деп, бұл өткелді еңсеруге деген ойлы қадамдарымен бізді жігерлендіре түскенін де айта кеткенім жөн. Қош, сонымен қашықтан оқытудың түрлі әдістері телеарналар арқылы, сонымен қатар интернет-ресурстар мен түрлі платформалар арқылы жұмыстарын бастап кетті. Лицейіміздің ізденімпаз ұстаздары еш жатсынбай, сабақтарын жаңашыл бағытта ұйымдастыруға кірісті.
" Әр нәрсенің қайыры бар" дейтін сабырлы халық емеспіз бе?! Бұл өтпелі кезеңнен ұстаздар болсын, білім алушылар болсын, ата-аналар болсын көп нәрсеге жаңаша қарауға үйрендік деген ойдамын. Кез келген жағдаятты жұмыла отырып шешуге болатын бүгінде түсіндік. Өздеріміз үшін, шәкірттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер аштық. Уақыт өтер, бұл күндер артта қалар. Ең бастысы, бір-бірімізбен жүздескен кезде үйреткеніміз де, үйренгеніміз де- жарқын болашаққа бастаса болғаны.

Оспанова Мира Аханқызы
Тараз қаласы
*3 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

#педагог күнделігі
#қашықтан оқыту
#бізбіргеміз 

Похожие публикации:

18 апрель 2020 Қашықтан оқыту
19 апрель 2020 Ой-пікір
26 апрель 2020 Қашықтан оқыту
26 апрель 2020 Қашықтан оқыту
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив