Педагог күнделігі » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2020

Педагог күнделігі

    Күллі әлемді жайлаған індет барлығымызға оңай тимегені рас. Әлем елдері осындай ауыр кезеңде қандай салада болмасын жұмысты тоқтатып қойған жоқ. Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді қажет етеді. Ыбырай атамыз айтқандай, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ХХІ ғасырдағы білім-ғылымның дамуының бір көрінісі заманауи технология. 
       Расында да еліміздегі төтенше жағдай кезінде білім беру үдерісінің тоқтап қалмайтындығы анық. Біздің білім берудегі қашықтан оқыту технологиясының кемшілік тұстары жоқ емес. Десе де, артықшылығы басым. Біріншіден, сабаққа қатысты материалдар оқушыға қолжетімді. Екіншіден, оқушы өзіне берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындай алады. Үшіншіден, білім алушы берілген тапсырманы өзіне қолайлы уақытта орындай алады. Өзім де ата-ана болғандықтан, маған таңсық дүние емес. Қашықтан оқыту технологиясы ұстаздар қауымына да тигізер пайдасы аз емес. Білікті ұстаздың қандай жағдай болмасын жас ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ететіндігін ұмытпаған жөн.
   Педагог мұғалім ретінде қашықтан білім беру кезінде заманауи технологияларды қолданудамын. Оқушыларыма арналған тапсырмаларды жасау барысында Mocrosoft Power point  бағдарламасының мүмкіншіліктерін барынша жүзеге асырдым. Whatsapp әлеуметтік желісінің де тиімділігін қашықтан оқыту барысында бағдарлап,бағамдай алдым. Ата-аналармен кері байланыс жасау кезінде Zoom бағдарламасымен онлайн-конференция жүргіздік. Осылайша заманауи білім беру жүйесінде жаңа заман технологияларын тиімді пайдаланудамын.
#педагогкүнделігі
#біз біргеміз
#қашықтаноқыту
№3 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі 
Қуанышбекова Айжан Артелбековна

Похожие публикации:

18 апрель 2020 Қашықтан оқыту
19 апрель 2020 Ой-пікір
26 апрель 2020 Қашықтан оқыту
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив