Нормативтік құжаттар » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2019

Нормативтік құжаттар

Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4991 болып енгізілді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 969 "Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің міндетін атқарушы
Ескерту. Төмендегі білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың барлық нысандары жаңа редакцияда берілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.09.14 N 425 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2007 жылғы 23 қазандағы
№ 502 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымындағы бұйрықтарды тіркеу кітабы
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2017 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала және астана)
_________________________________________________________
(аудан, қала (ауыл)
__________________________________________________________
(орта білім беру ұйымының атауы)
__________________ жылы кітап басталды
__________________ жылы кітап аяқталды

р/с    Бұйрық №    Шығарылған күні    Бұйрықтың атауы    Кім қол қойды (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив