Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
12
апрель
2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9319 тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 78 (28017) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3-1) осы бұйрыққа 3-1 қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3-2) осы бұйрыққа 3-2 қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
6-1) осы бұйрыққа 6-1 қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
6-2) осы бұйрыққа 6-2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары.»;
осы бұйрыққа 1 – 8-қосымшаларға сәйкес тиісінше 3-1, 3-2, 6-1, 6-2, 13, 14, 15, 16 қосымшалармен толықтырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.



Министр А. Сәрінжіпов
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив