Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
12
апрель
2019

Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру жүйесіне тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңына және 2018 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау кезеңі – есепті деректердің, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингі нәтижелерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезеңі;
2) білім беру саласындағы бақылау объектілері – мемлекеттік бақылауға жататын бақылау субъектілерінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын мүлкі;
3) білім беру саласындағы бақылау субъектілері - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қызмет үшін оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке тұлға, заңды тұлға;
4) болмашы бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша талаптардың бұзылуы;
5) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша бұзушылық талаптары;
6) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша білім беру қызметіне қойылатын хаюарландыру тәртібі мен біліктілік талаптарын сақтау бойынша бұзушылық талаптары;
7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын, олардың орындалмауы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін талаптардың тізбесі;
8) тәуекел – бақыланатын субъекті қызметінің нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне және оның салдарының дәрежесіне есепке зиян келтіру ықтималдығы;
9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
12) тәуекелдерді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.
3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) келесі объективті өлшемшарттардың біреуі ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесі жоғары топқа "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.
Оларға мынадай ұйымдар жатады:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады;
2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау қолданылады.
5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.
6. Тәуекел дәрежесін анықтау үшін үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері пайдаланылады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес айқындалады.
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті өлшемшарттарды бағалау осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.
10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады..
Бұл ретте бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
11. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
∑Рз = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,7
мұндағы:
∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде коэффициент 0, 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
∑Рн = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,3
мұндағы:
∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады ∑Р = ∑Рз + ∑Рн
мұндағы:
∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатады:
1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) барып арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады;
2) 61-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылмайды.
13. Бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
15. Білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезеңі бір оқу жылын құрайды.
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеретін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын ескере отырып жасалады.
Білім беру жүйесіне
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша
Субъективті өлшемшарттар
р/с №    Өлшемшарттар    Бұзушылықтардың дәрежесі
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім бері ұйымдары үшін
Бақылау субъект (объект), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері
1    Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы    елеулі
2    Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы    өрескел
3    Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы    өрескел
4    Бастауыш білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25% -ды құрайды.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % өрескел
5    Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы    өрескел
6    Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы    болмашы
7    Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы    болмашы
8    Оқу үрдісінде пайдаланылатын және Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы    елеулі
9    Спорт залының болмауы    болмашы
10    Сынып жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы нормаларының бұзылуы    болмашы
11    Басқа сыныптармен біріктірілген бірінші немесе бітіруші сыныптардың болуы    елеулі
12    Мектепте үш ауысымды оқытудың болуы    болмашы
13    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарынсыз келесі сыныпқа көшірілмеген 1-сынып оқушысының болуы өрескел
14    Оқу бағдарламасын игермегендігі үшін екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы    болмашы
15    Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушылардың болуы    өрескел
16    Пәндік кабинеттердің (физика, химия, биология, информатика) болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)    елеулі
17    Интерактивті тақталардың болмауы    болмашы
18    Оқу шеберханаларының болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)    болмашы
19    Кітапхананың болмауы    болмашы
20    Қорытынды аттестаттау пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған бітірушілердің болуы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін) елеулі
21    Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін бұзуы    болмашы
22    Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері саны және тізбесінің мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі    болмашы
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері
1    Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы    елеулі
2    Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы    елеулі
3    Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)    өрескел
4    Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы    болмашы
5    Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)    өрескел
6    Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)    өрескел
7    Білім алушылардың білім беру ұйымдары бекіткен міндетті мектеп формасын сақтауы    өрескел
8    Білім беру ұйымның білім алушылардың контингенті бойынша бұйрықтардың және білім алушылардың сыныптар бөлігінде сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы    елеулі
9    Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы    өрескел
10    Оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкестігі    өрескел
11    Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту тілі қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша;
2) оқыту тілі орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша;
3) ағылшын тілі және шетел тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша (1-4 сыныптарда); 
5) информатика бойынша (5-11 сыныптарда);
6) өзін-өзі тану бойынша (1-4 сыныптарда);
7) технология, көркем еңбек бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары 5-11 сыныптарда);
8) дене шынықтыру бойынша гендерлік принцппен әр топта қалалық жерде 8 ұлдан кем емес (немесе қыз), ауылдық жерде 5 ұлдан кем емес (немесе қыз) (5-11 сыныптардағы);
9) бейіндік пәндер бойынша (10-11 сыныптарда)    елеулі
12    Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыру арқылы әр тақырыптық бөлім бойынша бағалаудың жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)    елеулі
13    Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың болуы    елеулі
14    Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының болуы бойынша және оқу пәндері мен сағат санының үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жеке оқу жоспарларының болуы    елеулі
15    Оқу жұмыс жоспарларында білім беру салаларының болуы, оқу пәндері және сағат саны бастауыш, негізгі орта және орта білім үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі    өрескел
16    Оқу жоспарындағы пәндер бойынша: 
бастауыш білім беру үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 25 % болуы; 
негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % болуы    өрескел
17    Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы    болмашы
18    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы    болмашы
19    Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі немесе 10 жылдан кем емес жалға алу мерзімімен материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы    өрескел
20    Оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталуы    елеулі
21    Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы    елеулі
22    Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және лицей мен гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын, емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы    болмашы
23    Білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы    болмашы
24    Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы білім берудің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы)    өрескел
25    Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы    елеулі
26    Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)    өрескел
27    Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы    елеулі
28    Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы    елеулі
29    Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы    өрескел
30    Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ; 
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы; 
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы    өрескел
31    Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломның көшірмесінің болуы    өрескел
32    Оқу жоспары негізінде әзірленген және білім беру ұйымы бекіткен сабақ кестесінің болуы    елеулі
33    Білім беру процесін реттейтін жылдық күнтізбелік оқу графигінің болуы (мемлекеттік емес мектепте –оның жарғысымен анықталған)    елеулі
34    Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін, оқу режимін айқындайтын ережелердің болуы    елеулі
35    Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті және жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы    елеулі
36    Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы    елеулі
37    1-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы (1-сыныптың 1-тоқсанын қоспағанда)    елеулі
38    Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8, 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы    елеулі
39    5-8, 10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын материалдарының болуы    болмашы
40    Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы    болмашы
41    9-сыныпта білім алушылар негізгі орта білім беру, 11-сыныпта білім алушылар жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсының қорытынды бағалары мен қорытынды аттестаттаудың хаттамаларының болуы    өрескел
42    Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 және 11-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы    болмашы
43    9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы    елеулі
44    Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастыруды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқылатын сыныптар үшін)    елеулі
45    Білім беру қызметін ұйымдастыру аумағында тұратын бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында білім алушылардың жеке ісінде екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына оқуға қабылдануын растайтын құжаттардың болуы    елеулі
46    Білім алушылардың жеке ісінде 1-сыныпқа жеті жастағы және ағымдағы алты жасқа толған балаларға білім беру ұйымының аумағында тұратын барлық балалардың оқу деңгейіне қарамастан, баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде, білім беру ұйымының қызмет көрсетуі барлық балаларға қолжетімділігін растайтын құжаттардың болуы    елеулі
47    Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына оқуға түсу туралы және білім беру ұйымынан білім алушыларды шығару туралы бұйрықтардың болуы    елеулі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив