Ғарышкерлер күні » Коммунальное государственное учреждение №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"школа-лицей №3"
Отдел образования акимата города Тараз
Приемная
+7(7262) 54-50-30
Бухгалтерия
+7(7262) 54-50-30
Версия для
слабовидящих
12
апрель
2020

Ғарышкерлер күні

Бүгін - халықаралық ғарышкерлер күні. Бұл күнді қазақ халқы ерекше естеліктермен қарсы алады. Талай қазақ баласының ғарышкер болу арманға құлшындырып, аспан көгіне деген ынтызарлығын оятқаны анық. Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды. Олар - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Осы орайда ғарышкерлерінің өмірі мен аспан әлеміндегі таңғажайыптары жайында қызықты деректерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
1. Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып МиГ-29К истребителін «Тбилиси» крейсерінен истребительге арналған трамплиннің көмегімен алғаш болып ұшырды. «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Бұл әдістің ерекшелігі: ұшақ трамплиннен түскендей төменеліп, бірден көтеріліп кетуі керек. Ол әрине ұшақтың маторына байланысты еді. Барлық мәселе секундтар еншісінде болатын. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. Сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров құлдилап та, көтеріліп те үлгерді. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырған қазақтың осы ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
2. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың құрметіне Талғат есімі берілген қазақтың екінші, әлемнің 309-ғарышкері де рекордшы атанған. Ол бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың аспан көгіне саяхаттауына Елбасы да үн қосты. «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тоқтар Әубәкіровтың сынақшы-ұшқыш болуына Кеңес Одағының Батыры А.Федотов үлкен әсер еткен.
#3 мектеп-лицей кітапханасы 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив