Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы№ 20 » Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп - лицейі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
"№3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-50-30
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-50-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы№ 20
16
июнь
2020

Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы№ 20

1. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындарында:
      орта білім беру ұйымындағы бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      1-4-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      5-11(12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      теориялық оқытуды есепке алу журналы (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      өндірістік оқытуды есепке алу журналы (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      әрбір айға оқытушының жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      оқытушының жылдық жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен) сы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      емтихан ведомосі (білім алушыларды аралық аттестаттауға арналған) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      білім алушының студенттік билеті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      білім алушының үлгерім кітапшасы осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      диплом беру кітабы осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      дипломның телнұсқаларын беру кітабы осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      академиялық анықтама беру кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      атаулы кітап осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      білім алушылардың алфавиттік кітабы (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушыларының есебін алу үшін) алынып тасталсын;
      осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес жеке сабақтарды есепке алу журналымен (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) толықтырылсын;
      осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес емтихан ведомосымен (оқытудың кредиттік және (немесе) модульдік технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттауға арналған) толықтырылсын;
      осы бұйрыққа 10-1-қосымшаға сәйкес қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасымен (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив